Республика күніне орай емханамызда шағын мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, қатысушылардың бойында патриоттық рух пен Отанға деген мақтаныш сезімін оятты.

Іс-шара барысында өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталып, алғыс хаттар мен төсбелгілерге ие болды.

Баршаңызды Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!