Патронаждық қызмет – ана мен бала денсаулығын қорғауға, әр отбасына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған маңызды жұмыс.

Емханамыздың патронаждық мейіргері Жанара Пархаддиновна әмбебап-прогрессивті патронаждық модель аясындағы күнделікті жұмысымен бөлісті.

Өз сөзінде ол патронаждық бақылаудың негізгі бағыттары, ата-аналарға көрсетілетін ақпараттық-кеңестік көмек, профилактикалық жұмыстар және мамандардың күнделікті тәжірибесінде қолданылатын әдістемелік құралдар туралы айтып өтті.

Әрбір үйге бару – баланың денсаулығын бақылап қана қоймай, ата-ананың сауаттылығын арттыруға, қауіп факторларын ерте анықтауға және отбасының әл-ауқатын қолдауға мүмкіндік береді.