Бүгін пациенттер арасында «қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша оқу өтті

Қант диабетімен (ҚД) ауыратындарды оқыту – бұл тек өз білген біліміңді өзгелерге жеткізу ғана емес, диабетпен ауыратын адамдарды жаңа психологиялық бағытқа ынталандыруды қалыптастыру, олардың өз денсаулығына жауапкершіліктің жартысын өз мойнына алуына жәрдемдесу, ауруға қатысты көзқарасын өзгерту.  

Бүгін 10.11.2017 жылы сағат  11:00-де ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де эндокринолог: Сарсенов С.В., СӨС дәрігер : Сүтдібаева А.Н.,пациенттер арасында «Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша оқу өткізді.

Темекіден бас тартудың халықаралық күніне арналған семинар өтті

Қазақстанда темекіге қарсы белсенді жұмыс жүргізілуде. БДҰ темекіге қарсы күрес (ТҚК) жөніндегі конвенциясымен ратификацияланған басқа 170 елмен бірге, біздің ел еліміз тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында темекі тартушыларды бақылау шараларын енгізу бойынша халықаралық міндеттемелерді табысты орындап келеді. Осы мақсатта 08.11.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де темекіден бас тартуға арналған Халықаралық күн аясында семинар өтті.

Семинардың мақсаты: темекіге тәуелділікті таратуды төмендетуге ықпал ету, темекімен күресуге барлық тұрғындарды барлдық маман дәрігерлерді  тарту, темекінің денсаулыққа зияны туралы қоғамды ақпараттандыру және темекі тартудың алдын алу.

«Темекіге жоқ де!» тақырыбында семинар өтті

Мектеп жасында темекі шегуді бастаған жасөспірімдер арасында олардың көбі уақыт өте келе осы жаман әдеттен арыла алмайтыны бұрыннан белгілі. Ал, темекі шегудің зияны шаш-етектен. Никотинмен үнемі уланатын балалар мен жасөспірімдер даму бойынша өз қатарластарынан әжептәуір артта қалады. Олардың бұлшықет күші де тез төмендедйді. Көру қабылеті де әлсірейді. Жүрекке күшті көбірек түсуі келешекте инфаркт қаупін арттырады. Аурудан болатын осындай ауытқуларды көптеп жаза беруге болады. Соның алдын алу мақсатында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ге  тіркелген №22 орта мектепте темекіден бас тарту күніне арналған «Темекіге жоқ де!» атты семинар өтті.

Темекі бұйымдарын тарту адам ағзасына орасан зор зиян әкеледі – оқушылар осы ойды арнайы дайындалған плакаттар арқылы жеткізді. 

«Артериялды гипертония» денсаулық мектебі

Сіз білесіз бе:

  • Әр бесінші ересек адамда жоғары артериалды қан қысымы (АҚҚ) бар.
  • Бұл жөнінде АҚҚ бар адамдардың тек жартысы ғана біледі. Көп адамдар дәрігерге бармайды, артериалдық гипертонияны анықтаудың бірден-бір тәсілі – АҚҚ тұрақты өлшеп тұру.
  • АҚҚ бар адамдардың тек жартысы ғана тиісті ем қабылдайды. Көптеген аурулар доғары АҚҚ кезінде адамның өзін жақсы сезінуі – емделуден бас тартудың себебі емес, себебі емделмеген гипертония - бұл «баяулатылған әрекет минасы».

Алкогольден бас тартудың Ұлттық күніне арналған семинар

2017 жылғы 25 қазанда ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де алкогольден бас тартудың Ұлттық күніне арналған онкүндікті өткізу концепциясын жүзеге асыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Алкогольді шамадан тыс пайдалану әлемнің барлық елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы тұрғындардың ерте өлімінің, денсаулықтан айырылудың және еңбекке жарамсыз  болып қалуының себептерінің бірі болып табылады.

Алкогольді пайдалану отбасында, жұмыста, күрделі мәселелрдің, қылмыстық типтегі, өлім, өзін-өзі өлтіру секілді қайғылы оқиғалардың туындауына әкеліп соғады. Осылайша, дене жарақатынан болған өлімдердің  40-60% алкогольді пайдаланумен байланысты кені анықталды.

Дендеріңіз сау, аман болыңыздар!