Сагандыков
Жаналык
Карипуллаулы
Міндетті әлеуметтік
медициналық
сақтандыру туралы
ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК
мамандарының
жұмыс кестесі
Ақылы
қызметтер
тізімі
Пациенттерді олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар ету (сілтемані басыңыз)
_______________________________________________________________________________________________________________________-
Құрметті елорда тұрғындары және қонақтар!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ның ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздерді біздің медициналық ұйымның ресми сайтында қарсы алуға шын ниетпен қуаныштымыз. Әр адамның тыныш әрі жайлы өмір сүруі үшін алдымен өзінің, сонан соң жақындарының дені сау болуы маңызды. Жалпыға мәлім, адамның өзін-өзі жақсы сезінуі оның толыққанды өмір сүруіне, мамандықты меңгеру жолында немесе шығармашылығын дамытуда өз әлеуетін барынша жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Біздің сайт арқылы Сіздер емхананың жұмысы, көрсетіліп жатқан медициналық көмектердің көлемі туралы біліп, емханаға тікелей келу арқылы және онлайн режимінде білікті кеңес алатын боласыздар, сондай-ақ бас дәрігердің блогына өтініш жазуға, өз пікірлеріңіз бен ескертпе-тілектеріңізді қалдыруға мүмкіндігіңіз бар.
Біздің сайт арқылы Сіздер өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша толық әрі түкпілікті ақпарат алады деген үміттеміз!
Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасау біз үшін үлкен бақыт!
Вакцинация сұрақтарының қауырт желі: 8-8000-700-830
Қымбатты достар!
2018 ж. қаңтардың 1-шы жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға ВАКЦИНАЦИЯЛАУ сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» жүмыс істейді.
Сіздер 8-8000-700-830 нөміріне кез келген ұялы операторлар немесе үй телефон нөмірлерінен ақысыз, тәуліктің 08.00-ден 20.00 сағ дейін қоңырау соғып, жоғарғы санатты аллерголог, педиатр, невролог және эпидемиолог мамандарынан ВАКЦИНАЦИЯЛАУ мәселелері бойынша сұрақ қойып, жауап және кеңес алу мүмкіншілігіңіз бар.
Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға біздің мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.
Ақпараттар үшін телефон: 8-8000-700 830 (қоңырау тегін).