Шектен шыққан көшкінді қалай тоқтатуға болады?

«СПИД-тің алдын алудың бүкіләлемдік күні қарсаңында» (1 желтоқсан) осы мәселе ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК қызметкерлерінің арасындағы оқу семинарының басты тақырыбына айналды.

1981 жылдан, АҚШ-та алғаш рет адамның иммунтапшылығы вирусы алғаш рет анықталған және танылған кезден бастап осы ауру әлемді шектен шыққан көшкін секілді шарлап жүр. Көптеген мамандардың оны ХХІ ғасырдың індеті деп атауы да тегіннен-тегін емес.

Соңғы жылдар ішінде нашақорлардың, қауіпті инфекцияны жұқтырудың негізгі құралы болып келген шприцтері бүгінде екінші орынға шықты.   Оның орнына әдепсіз жыныстық қатынастар келді және ол қарқынды түрде күшейіп келеді. «Індетті» таратушылар сол баяғыша ер адамдар болып табылғанымен, соңғы жылдары көп жағдайда инфекцияны әйелдердің жұқтыратын жағдайы да жиі кездесуде.

Хабарландыру! мұны білу маңызды!

Егілуден бас тарту өскелең ұрпақ өкілдері үшін аса қауіп төндіріп тұр.

Әлемдік білгірлердің адам баласын аса қатердлі аурулардан қорғау мақсатында ойлап тапқан жаңашылдықтарын кейбіреулер жоққа шығаруда. Себебі, бүгінгі таңда көптеген ата-аналар өздерінің балаларын ауруға қарсы егілуден бас тартып отыр. Олардың мұндай әрекеттерінің себебін дәрігерлер діни наным-сеніммен түсіндіреді. Олардың ойынша көптеген инфекциялық аурулармен өткен ғасырда қалып қойды. Иә, шынымен де инфекциялар өткен ғасырларда қалды. Бірақ мұның себебі неде? Міне, дәл осы жөнінде жас ата-аналар мүлде ойланбайды. Өздерінің салғырттығынан, тіпті кейде бірбеткейліктерінен орны толмас өкінішке душар болатындықтарын ойламайтындықтары өкінішті.

Осыған орай, бүгін 21.11.2017 ж. №22 орта мектепте «Тұрғындар денсаулығын сақтаудағы вакуциналаудың рөлі» тақырыбында кездесу – дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған балаларын егуден бас тартқан ата-аналар, сондай-ақ консультативтік топ мүшелері ( ҚР ДСМ 03.06.2017 ж №395  бұйрығымен құрастырылған) қатысты.

Қант диабетіне қарсы күрес халықаралық күніне орай семинар өтті

Бүгін  17.11.2017 жылы шжқ «№11 қалалық емхана» МКК-де қант диабетіне қарсы күрес халықаралық күніне орай семинар өтті. Семинардың мақсаты диабет туралы, қант диабетімен ауырған кездегі өмір салты туралы, ең бастысы аурудың дамуын қалай тежеуге болатыны жөнінде тұрғындарға жеткізу.

Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының мәліметтері бойынша ауру барлық тұрғындар арасында 1,8% -дан 10-12%-ға дейін ауытқуда. Дамыған елдерде ауру деңгейі анағұрлым жоғары. Көпшіліктің тексерілуінен байқалғандай, диабеттің жабық түрімен ауыратындардың қатары оның ашық түрімен ауыратындардан 2-3 есе көп болып отыр.

Диабетпен ауыру деңгейі жыл өткен сайын артуда. Ол инфекциялық емес эпидемия мәртебесін алды – әр минут сайын қант диабетінің жаңа үш түрі айқындалып отыр.

Мінез-құлықтың қауіпті ықпалы бойынша денсаулық мектебінде оқу өтті

Қазіргі кезде көптеген елдерде ауру құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр. 2020 жылға таман инфекциялық емес аурулардың әлемдегі жұмысқа жарамсыздықтың, мүгедектіктің және өлімнің жетекші себебі болатыны жоспарлануда. Дамыған және дамушы елдерде жүрек-қан тамырлары (ЖҚТ), қатерлі ісік ауруларының, жарақаттанушылық, алкоголизм, нашақорлық жағдайлары кең белең алуда.

Осындай жаман әдеттерге әуес пациенттердің денсаулығын жақсарту және қауіп деңгейін төмендету мақсатында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де мінез-құлықтың қауыпті ықпалы бойынша денсаулық мектебінде оқу өтті.

Елордада «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет  жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті, ағымдағы жылдың 10 қарашасында «Arujan» ОСО –да «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласында анағұрлым қажетті мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК өкілдері  қатысып, елорда тұрғындары мен қонақтарына қажетті консультациялар мен ақпараттар берілді.