Емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде: жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдерге балаларды туберкулезге қарсы вакцинациялаудың артықшылықтары туралы слайд көрсетіле отырып ақпарат берілді, сондай-ақ, туберкулез белгілері және алдын алу әдістері туралы хабардар болу деңгейін зерттеу мақсатында келушілер арасында сауалнама жүргізілді.

Туберкулездің алдын алуда балалар мен жасөспірімдерді БЦЖ вакцинасымен иммундау, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін туберкулезге жаппай профилактикалық тексерулер маңызды рөл атқарады.

Егер сіз ағзаның қорғанысын әлсірететін факторлардан аулақ болсаңыз, өзіңізді және басқаларды туберкулез инфекциясынан қорғауға болады: тамақтану, еңбек, демалыс режимін сақтаңыз, таза ауада көбірек болыңыз, темекі шекпеңіз, алкогольді асыра пайдаланбаңыз, бөлмедегі тазалықты және жеке бас гигиенасын сақтаңыз!

Біздің емханада негізгі жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша тұрақты негізде оқытулар жүргізіліп тұрады

Біздің емханада негізгі жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша тұрақты негізде оқытулар жүргізіліп тұрады. Оқу барысында қызметкерлер жүрек-өкпе реанимациясының негізгі шараларын орындауды, автоматты сыртқы дефибрилляторды қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ кейбір алғашқы медициналық көмек дағдыларын меңгеруді үйренеді.  Бұл дағдыларды білу жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, төтенше жағдайларда өмірді уақтылы көрсетудің және құтқарудың қажетті шарттарының бірі болып табылады.

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-ның учаскелік қызмет пен әлеуметтік қызметкерлері аумақтың бекітілген учаскелері бойынша халық санағын жүргізуде

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-ның учаскелік қызмет пен әлеуметтік қызметкерлері аумақтың бекітілген учаскелері бойынша халық санағын жүргізуде.

Аталаған іс-шара аясында емханаға бекітілмеген пациенттерді анықталып, диспансерлік пациенттер қамтылуда. Сонымен қатар, иммунопрофилактика бойынша жоспар іске асырылып, скрининг, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Күн сайын әлеуметтік қызметкерлер медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді және мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға, көп балалы аналарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр сырқаттармен ауырған адамдарға моральдық-құқықтық қолдау ұйымдастыр

Күн сайын әлеуметтік қызметкерлер медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді және мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға, көп балалы аналарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр сырқаттармен ауырған адамдарға моральдық-құқықтық қолдау ұйымдастырады.

Әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтарға қажетті көмектің сипаты мен көлемін анықтайды, емдеу мекемелеріне емдеуге жатқызуға ықпал жасайды, халықты әлеуметтік қорғау органдарының стационарлық емес және стационарлық мекемелердің қабылдауына жәрдемдеседі.

Қосымша жеңілдіктер алу мәселелері бойынша кеңес береді, жағдайы төмен отбасыларымен жұмыс жүргізеді, оңалту іс - шараларының бағдарламасын әзірлейді, патронаждық медициналық медбикелермен бірлесіп әмбебап-прогрессивті модель (ӘПМ) шеңберінде патронаж және медициналық медбикелермен халық санағын жүргізеді.

Емханада аккредиттеу стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда

Емханада аккредиттеу стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Клиникалық фармаколог-дәрігер А.А.Абдуаева және бас медбике З.И.Абдыкалыкова пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі мақсаттардың бірі болып табылатын жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен (ЖҚД) жұмыс істеу ережелері бойынша режимдік кабинеттердің трейсерін өткізді.
ЖҚД - бұл дұрыс қолданбаса, ауыр жанама әсерлер, тіпті өлім қаупін тудыратын дәрілер.