дәрігері Сулейменова Алтынай Ыбыраевнаға Covid-19 індеті кезінде елімізге жанқиярлық күресі үшін, қалтқысыз қызмет атқарғандары үшін алғыс хат пен төс белгісі табысталды

2020 жылдың 17 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК директорының Ж.К.Сагандыковтың қолдауымен Қазақстан Республикасының «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың атынан емханамыздың білікті дәрігері Сулейменова Алтынай Ыбыраевнаға Covid-19 індеті кезінде елімізге жанқиярлық күресі үшін, қалтқысыз қызмет атқарғандары үшін алғыс хат пен төс белгісі табысталды.
«Covid-19 індеті кезінде жанқиярлық ерлік пен қайырымдылық көрсеткені үшін, «Ақ жол» демократиялық партиясының Президиумы атынан марапатталды».
Дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, аурудың асқынуына жол бермей, ем-шараны тиімді тағайындап емханамыздың білікті дәрігерлеріне шексіз рахмет.
Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла ел ризашылығына бөлентсін, отбасылары берекелі болсын, ауырмай-сырқамай көп жасай берсін!

«Босануға дайындық мектебінде» акушерлік сабақ өтеді

«№11 қалалық емханада» аптаның әр сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін «Босануға дайындық мектебінде» акушерлік сабақ өтеді.
2020 жылдың 17 қараша күні жүктілігіне 35-36 апта болып, алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жүктіліктің үшінші триместрінің физиологиялық ерекшеліктері. Толғақтың нышаны. Босану туралы маңызды ақпараттар. Босануға дейінгі тамақтанудың маңыздылығы. Гигиена және жүкті әйелдің күн тәртібі» тақырыбында өтті. «Құрсақтағы сәбидің қозғалысына арналған тест» жайында таныстыру және үйрету өткізілді.
«Лотос қалыбында» гимнастика өткізілді, Кегель жаттығулары позитивті ойын түрінде болды, көтеріңкі көңіл-күймен жаттығулар жасады.

2020 жылдың 17 қараша күні «№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады. «№11 қалалық

2020 жылдың 17 қараша күні 2020 жылдың 17 қараша күні «№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады. «№11 қалалық емханаға» қарасты мектеп мейірбикелергіне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» - тақырыбында семинар өтті.. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады. «№11 қалалық емханаға» қарасты мектеп мейірбикелергіне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» - тақырыбында семинар өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кульгиновтың төрағалығымен Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың, әкімдік пен министрліктердің жауапты тұлғаларының қатысуымен онлайн режимде кеңес өткізілді

2020 жылдың 13 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кульгиновтың төрағалығымен Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың, әкімдік пен министрліктердің жауапты тұлғаларының қатысуымен онлайн режимде кеңес өткізілді.
Осыған байланысты «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. емхана қызметкерлеріне қаладағы эпидемиологиялық жағдайы және короновирустық инфекция мен медициналық ұйымның дайындығы бойынша емхананың өндірістік жиналысында осы кеңестің қорытындылары мен өкімін жеткізді.
Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласының ҚДСБ хатына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылық жағдайларын тіркеудің тұрақты өсуін ескере отырып, «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. емхана қызметкерлерімен кезекті нұсқама өткізді, сонымен қатар кеңес барысында келесі өзекті мәселелер қаралды :

Елордада «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды

2020 жылдың 12 қараша күні Елордада «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды.
«№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. «Nur Otan» қалалық филиалының конференциясына қатысты.
Сондай-ақ, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның XX съезіне қатысу үшін делегаттар сайланды.
Сонымен, ең жоғары рейтингке ие праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, қала мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 62 кандидаттан тұратын партиялық тізім қалыптастырылды.
Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 20-дан 30%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 0-ден 22,5%-ға дейін өсті. Үміткерлердің орташа жасы 9 жасқа – 52 жастан 43 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 25 депутаттың 5-і ғана жаңа партиялық тізімге енді. Жалпы, мәслихаттағы елордалық «Nur Otan» партиясының тізімі 90 пайызға жаңартылды.
Тізімде ШОБ өкілдерінің үлесі басым – 32,2%, білім беру саласы – 20,9%, денсаулық сақтау саласы – 11,4% және т.б. бар.
Конференция барысында мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта «сұрақ-жауап» түріндегі пікірталас сессиясы өтті.