Дені сау бала күні

Ата-аналардың назарына! «№11 қалалық емханада» аптасына бір рет сәрсенбі күні «Дені сау бала күні» өткізіледі. Балаларға медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру мақсатында, балалар ауруының алдын-алу мақсатында дәрігеріңіздің жұмыс кестесіне «Дені сау бала күні» енгізілген.
Сонымен қатар емхананың профилактикалық бөлімі жұмыс істейді. Мұнда вакциналардың енгізу кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет және баланың дұрыс дамуын бақылау кабинеті өз қызметін көрсетеді.

медициналық қызметкерлерге «үйдегі патронаж» тақырыбында оқыту жүргізді

«№11 қалалық емханада» Әмбебап-прогрессивті модельдің (ӘПМ) үйлестірушісі Г.К.Шахимова медициналық қызметкерлерге «үйдегі патронаж» тақырыбында оқыту жүргізді.

оқытушысы Нурашева Бибигүл Шакирбаевна «№11 қалалық емхананың» негізгі мамандарына онлайн-тренинг өткізді

PhD докторы, доцент, ҚазГЗУ оқытушысы Нурашева Бибигүл Шакирбаевна «№11 қалалық емхананың» негізгі мамандарына Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері бойынша онлайн-тренинг өткізді.

Балалар дәрігерінің кәсіби мерекесі!

20 қараша – Балалар дәрігерінің кәсіби мерекесі! Балаларымыздың денсаулығын жақсартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы Балалар дәрігері мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық балаларының денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Құрметті Балалар дәрігерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

«№11 қалалық емхана» ұжымымен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының «Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесуі өтті

«№11 қалалық емхана» ұжымымен «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының «Медицина қызметкерлерінің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесуі өтті.
2020 жылы мемлекетіміз үшін қиын жағдай орын алды. Ол әлемді жайлаған аты шулы індет “коронавирус”. Осыған орай «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы 18 қараша күні сағат 15:00 - де онлайн Zoom конференциясын өткізді. Конференцияға Денсаулық сақтау ісі жөніндегі белсенді өкілдер қатысты. Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының «№11 қалалық емханасының» бас дәрігері Сагандыков Жаңалық Карипуллаұлы, сондай-ақ денсаулық сақтау ісі жөніндегі басқа да өкілдер қатысып, өз ойымен бөлісті. Іс-шара барысында қазіргі уақыттағы пандемия мен күрес үстінде жүрген ақ халатты абзал жандарға қолдау шаралары талқыланды. Әрине «Nur Otan» партиясы өз тарапынан ақ халатты қызметкерлерді қолдау шарасы бойынша жоспарлы жұмыс жасауда. Дәрігерлерді қолдау аясында онлайн Zoom конферецияларын жиі өткізіп, аталмыш маңызды мәселелерді көтеру, оны дәріптеу еліміз үшін маңызды!