1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ!

1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ!

Жыл сайын бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Жүргізілетін науқанның МАҚСАТЫ: республиканың тұтас халқының, әсіресе жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде ББЗ-дан бас тарту, жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту жолымен хабардар болу деңгейін арттыру.
АИТВ-инфекциясы-адамның иммун тапшылығы вирусын тудыратын баяу үдемелі ауру. Вирус өз бетінде CD4 рецепторлары бар иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды. АИТВ адамның иммундық жүйесін бұзып, оның басқа да жұқпалы ауруларының дамуына ықпал етеді, өйткені иммундық жүйе ағзаны ауру тудыратын микроорганизмдерден қорғау қабілетін жоғалтады. АИТВ жұқтырған адам уақыт өте келе дені сау адамдар үшін ешқандай қауіп төндірмейтін микроағзаларға да сезімтал болады.

Жалпы тәжірибелік дәрігері Сырлыбай Сымбат «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып қазіргі уақыттағы бір қатар өзекті мәселелердегі сұрақтарға жауап берді

2020 жылдың 30 қараша күні «№11 қалалық емхананың» Жалпы тәжірибелік дәрігері Сырлыбай Сымбат «Қазақстан» ұлттық телеарнасында сағат 20:35-те тікелелей эфирде өткен «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып қазіргі уақыттағы бір қатар өзекті мәселелердегі сұрақтарға жауап берді. Бағдарламаның тақырыбы: «Covid-19: Мерекелік іс-шаралар».
- желтоқсан айында өтетін мерекелік іс-шараларда қолданатын санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды орындау;
- сауда-ойын сауық орталықтарындағы карантиндік шараларды қадағалау;
- халық көп шоғырланған жерлерге бармау, әсіресе егде жастағы адамдарға;
- үйден тысқа шыққан кезде бетпердені дұрыс қолданып, қолдарыңызды жиі дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу керектігі жайында, тағыда сондай сияқты бір қатар өзекті мәселелер талқыланды.

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз үшін айрықша мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнінің орны бөлек. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Өйткені, президенттік басқару формасы мен тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін осы басқару формасының тиімді екенін көрсетті, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға шықты. Құрметті әріптестер! 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жолымыз нұрлы болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Жаналык Карипуллович.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бір қатар іс-шаралар өтті

2020 жылдың 30 қараша күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бір қатар іс-шаралар өтті. (Шағын топтарда. Санитарлық шараларды сақтай отырып).
- емхана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың маңызды кітаптары мен басылымдарын көрсетіліп таныстырылды.
- слайд және видео арқылы Тұңғыш Президенттің өмірбаяны көрсетілді.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент туралы түсірілген: «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшбасшының жолы:«От өзені» Көшбасшының жолы: «Темір тау», «Жұлдыздар тағдырды өзгертті», «Тұйық шеңберді бұза отырып», «Назарбаевпен бірге ең бастысы жөнінде...» атты фильмдерді талқылау өтті. (Шағын топтарда. Санитарлық шараларды сақтай отырып).
Демалыс күндері емхана ұжымына Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мұражайына онлайн-сапар жасауға кеңес берілді.

емхана ұжымы мерекелеу құрметіне флеш-моб іс-шарасы өткізілді

2020 жылдың 30қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКҚ-де емхана ұжымы «Күш - бірлікте» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу құрметіне флеш-моб іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының беріктігі мен бірлігін нығайту.