акушерка Есимова Р.К. және психолог Курмангужина Г.Ә. «Босануға дайындық мектебінде» жас отбасылы ерлі-зайыптыларға акушерлі-психологиялық сабақ өтті

2020 жылдың 7 желтоқсан күні «№11 қалалық емханада» акушерка Есимова Р.К. және психолог Курмангужина Г.Ә. «Босануға дайындық мектебінде» жас отбасылы ерлі-зайыптыларға акушерлі-психологиялық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жүктілік кезінде, босану кезінде серіктесті қолдап көмек көрсету».
Сабақтың мақсаты: Серіктестің босану кезіндегі психологиялық және эмоционалды қолдау. Отбасындағы және жүктілік кезіндегі қарымқатынастары.

психологы психилогиятық тренинг өткізді

2020 жылдың 7 желтоқсан күні «№11 қалалық емхана» психологы психилогиятық тренинг өткізді. Әйелдің жүкті  кезеңіндегі жағдайын үйлестіруге және жүктілік пен босанудың сәтті өтуіне деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Сабақ барысында боди-арт терапия жүргізілді.
Жүкті әйелдерге арналған боди-арт терапиясы сіздің денеңізді тыңдап, балаңызбен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл нәрестемен сөйлесуге және жанасу арқылы оған сезімдеріңізді айтуға және көптеген жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік береді

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК медициналық қызметкерлерін ЖШС «Алматы Мануфактура» мекемесі жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) ақысыз, қайтарымсыз түрде қамтамасыз етті

2020 жылдың 7 желтоқсан күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК медициналық қызметкерлерін ЖШС «Алматы Мануфактура» мекемесі жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ) ақысыз, қайтарымсыз түрде қамтамасыз етті.
Ұйым директоры Ж.М.Муратова және ұйым қызметкерлерін қайырымдылық шара ретінде ұсынған көмек үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздерге денсаулық, сәттілік және кәсіптеріңіздің көркеіп дамуын тілейміз.
Келе жатқан Жаңа жыл жеке және кәсіби өмірде жарқын ұмытылмас әсерлер, сондай-ақ жаңа жемісті табысты келісімшарттар әкелсін. Отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз.

Қылышын сүйреп келген қыс мезгілінде ағзамызда дәрумен тапшылығы артады. Оны қалай түзей аламыз?

Қылышын сүйреп келген қыс мезгілінде ағзамызда дәрумен тапшылығы артады. Оны қалай түзей аламыз?

Күннің қысқалығына қарамастан өзіңізді сергек сезіну үшін, ағзаңызды пайдалы заттармен қуантқаныңыз абзал.

Әсіресе, артық салмақтан арылуға бел бусаңыз, денсаулығыңызға ерекше мән бергеніңіз жөн. Сондықтан ағзаңыз қыс уақытында қажетсінетін тағамдардан бас тартпағайсыз.

Қыс мезгілінде тағам үлесінде ақуыз жеткілікті болуы тиіс. Балық, тауық жұмыртқасы, сиыр, құс еттерін, сүт өнімдері мен үрме бұршақпен көп тамақтанғаныңыз жөн.

емхана ұжымына «Коммуникативті дағдыларды дамыту» тақырыбына тренинг жүргізді

2020 жылдың желтоқсанның 2 күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де психологтар Аманова А.К. және Ецис Э.И. емхана ұжымына «Коммуникативті дағдыларды дамыту» тақырыбына тренинг жүргізді.
Тренингтің мақсаты:
Коммуникативтік дағдылар туралы білімді қалыптастыру
Жанашырлықты арттыру үшін.
Сендіріп сөйлеу дағдыларын дамыту.
Ұжымда үйлесімді жұмыс істей білуге машықтандыру.