Құрметті «№11 қалалық емханаға» тіркелген қаралушылар!

Құрметті «№11 қалалық емханаға» тіркелген қаралушылар! 2020 жылдың 16-шы желтоқсан және 19-шы желтоқсан аралығында емхананың жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, Шәкәрім Құдайбердіұлы 28 көшесіндегі Провизорлық бөлімшенің жұмыс уақыты 8.00-ден 18.00-ге дейін.

«Біз біргеміз» және бұл жай сөз емес.

«Біз біргеміз» және бұл жай сөз емес. Өмірлік қиыншылықтарға тап болған отбасы ерекше назар аударуға тұрарлық: алтыншы баласы дүние келген, көп балалы отбасы, оралмандар. Осы отбасыға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «№11 қалалық емхана» қызметкерлері мен «БлагоДарюАстана» ҚҚ-ның қамқорлығы мен мейіріміне қоршалды. Еріктілердің көмегімен бұл отбасына шұғыл әлеуметтік көмек көрсетілді. Қөмір, балаларға арналған азық-түлік пен киім-кешек дер кезінде жеткізілді.
Біз біргеміз бірлігімізбен бірге жақсылық жасаймыз және дағдарыс жағдайында халқымызды қолдаймыз.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Оларға денсаулық, өркендеу және амандық тілейміз!

Құрметті отандастар!!!

Құрметті отандастар!!!

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.

Ізгі ниеттермен «№11 қалалық емхана» директоры Сагандыков Ж.К.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арналған іс-шара өтті

2020 жылдың 15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай арналған іс-шара өтті. Еліміздің әнұраны емхананың әр қабатында дабылдатқыш арқылы ойнатылды. Емхана директорының міндетін атқарушы Татиева С.Ж. барлық әріптестерді және емханаға тіркелген тұрғындарды мерекемен құттықтады.
«Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!».

емхана қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысы өтті

2020 жылдың 15 желтоқсан күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де емхана қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналысы өтті. Емхана қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Барлық санитарлық шараларды сақтай отырып.
Барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс береке мен еліміздің ынтымағын тілейміз!