№3 ЖТД бөлімінің меңгерушісі мен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың қызметкерлері біздің емхананың ауыр науқасты пациенттің үйіне барып келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеке гигиена құралдары мен тәттілерді тапсырды

2020 жылдың 30 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» №3 ЖТД бөлімінің меңгерушісі Аргинбаева Сандуғаш Рысбековнаның қолдауы мен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың қызметкерлері біздің емхананың ауыр науқасты пациенттің үйіне барып келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеке гигиена құралдары мен тәттілерді тапсырды.

«№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті

2020 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 16:00-та «№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті. «Нұр Отан» партиясының кандидаттарымен кездесу Zoom платформасында өтті.
Конференцияға денсаулық сақтаудың белсенді өкілдері қатысты. «Өркениет» филиалының төрағасының бірінші орынбасары Утебаева Мария Мухтарова және ЖШС «Эндохирургия клиникасының» бас атқарушы директоры Салтанат Дженалиева.
Біраз толғандырып жүрген сұрақтар қарастырылды: оның ішінде Емдеу іс-шара бөлмесі және оңалту бөлмелері Железнодорожный кенті, 40-станция Ж.Жабаев 20 мекен жайында орналасқан. Ол жерге мүмкіндігі шектеулі жандарға жету қиындыққа соғып тұрғаны туралы талқыланды.
Үміткерлер мәселені қарастырып, емхананы кеңейту және қосымша жаттығу терапиясы мен оңалту бөлмелерін кеңейту туралы шешім қабылдады.

алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері және патронаждық мейірбикелерімен отырысы өтті

2020 жылдың 28 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері және патронаждық мейірбикелерімен емхана басшылары директор Сагандыков Ж.К. және емдеу алдын-алу жұмыстарының жетекшісі С.Б.Аманбаковамен бірге кезекті есеп беру отырысы өтті.
Кездесуде, директор қызметкерлер тобының жыл бойындағы жұмысын қорытындылап, жақсы үйлестірілген жемісті жұмыстары үшін алғыс айтты. Сонымен қатар халыққа арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі мамандарының, ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы, ӘПМ (Әмбебап прогрессивті модель) және БАКБ-дың (Балалар ауруларын кешенді басқару) патронаждық мейірбикелердің 2020 жылғы кезеңдегі жұмысы туралы және ағымдағы қызметін қарастырды.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды.

Елімізде денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көліктерінде, карантинге жасақталған жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерде, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің науқастың үйіне барып медициналық көмек көрсету кезінде, инфекцилық ошақта эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде, пациенттер мен науқастармен байланыста болған адамдардан сұрақ қою және сауалнама жүргізгенде аудио, фото және видео түсірілімге тыйым салынады.

директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 25 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді. Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды.
Жаңадан келген мамандарды әріптестермен таныстырды. Жаңадан қосылған мамандаға бірлесіп жемісті еңбек атқаруларына тілектес екенін білдірді.
Директор қызметкерлер тарапынан сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударуы туралы айтты. Скринингтік бағдарламаларды, реабилитациялық емдеуді және оңалтуды, күндізгі стационарды, клиникалық диагностикалық қызметтерді 100% сапалы іске асыруды жоспарлады. Жас мамандарды бөлім меңгерушілер мен бас мейірбикелерге жол сілтеп оқытуды жоспарға алды. Сонымен қатар басқада өзекті мәселелерді жүзеге асыру туралы айтылды.