қабылдауға келген егде жастағы тұрғындардың жарақаттарын алдын алу туралы салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. әлеуметтік-психологиялық қызметкерлермен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2021 жылдың 5 қаңтар күні «№11 қалалық емханада» қабылдауға келген егде жастағы тұрғындардың жарақаттарын алдын алу туралы салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. әлеуметтік-психологиялық қызметкерлермен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қыс мезгіліндегі жарақаттанудың алдын алу
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер! 2021 жылдың 5 қаңтар күнінен бастап емхананың оңалту бөлімі (реабилитация бөлмесі, физиотерапия және физикалық дене-шынықтырумен емдеу) «№11 қалалық емхананың» Ш.Құдайбердіұлы 28 мекен жайы бойынша орналасқан филиалында жұмыс істейді (телефон 57-52-59). Онда сіз сауықтыру мәселелеріне, жеке емдеу бағдарламаларына және тәжірибелі жоғарғы білікті мамандардың емдеу шараларының тиімділігіне жан-жақты емдік шараларын ала-аласыздар.

‼️Жұмыс кестесі:
Реабилитолог: 14:00 ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма)
 Физиотерапия бөлмесі 8:00 ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-сенбі)
Физикалық дене-шынықтырумен емдеу бөлмесі 8:00 ден 16:00-ге дейін (дүйсенбі- сенбі)
Уқалау бөлмесі 8:00 ден 14:00-ге дейін (дүйсенбі-сенбі)

Қыс мезгіліндегі жарақаттанудың алдын алу шаралары