«№11 қалалық емхананың» медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттыру мақсатында гинекологиялық тәжірибеде қатерлі ісіктерді алдын-алу туралы дәріс өткізілді

2021 жылдың 30 қаңтар күні «№11 қалалық емхананың» медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттыру мақсатында гинекологиялық тәжірибеде қатерлі ісіктерді алдын-алу туралы дәріс өткізілді. Дәрісті профессор, м.ғ.к., акушер-гинеколог Укибасова Т.М. және онколог, маммолог м.ғ.к. Сакташев Б.Ш. өткізді.
Дәріс өте қызықты және мазмұнды болды. Дәрігерлер өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, тәжірибелі қанағатты жауаптарын алды.

жұмыс орындарында денсаулықты нығайту

қалалық емханалардың медициналық қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинаны енгізу механизмі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

2021 жылдың 29 қаңтар күні қалалық емханалардың медициналық қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинаны енгізу механизмі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Бұл семинарға «№11 қалалық емхананың» мамандары белсенділік танытып қатысып, өздерін мазалайтын сұрақтарды қойды.Талқыланған мәселелер:

- COVID-19 вакцинациясына дайындық;

- «Спутник-V» вакцинасын сақтауға арналған жабдықты дайындау;

-вакцинацияланытын адамдарға арналған «Спутник–V» вакцинасының қарсы көрсетілімдері.

«Баланың дұрыс дамуын бақылау кабинетінің» мейірбикесі 6 айлық сәбиі бар жас анаға «Емшек сүтіне қосымша тамақтандыру

2021  жылдың 29 қаңтары күні «№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуын бақылау кабинетінің»  мейірбикесі С.Н. Сулейменова 6 айлық сәбиі бар жас анаға «Емшек сүтіне қосымша тамақтандыру. Баланы дұрыс және пайдалы тамақтандыру» тақырыбында кеңес өткізді. Жасына сай  дамуы жайында түсіндіріп, тағамды дұрыс дайындауды көрсетті. Ана баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 білінген жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22 (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

‼️Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:

- қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;

- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

‼️Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22.