патронаждық мейірбикесі Ким Р.И. жаңа туған балаға алғашқы үй патронажын жасады

«№11 қалалық емхананың» патронаждық мейірбикесі Ким Р.И. жаңа туған балаға алғашқы үй патронажын жасады.
Емшек сүтімен емізудің пайдасы, туылғаннан 2 айға дейінгі балалардағы қауіпті белгілер туралы кеңес-әңгіме жүргізді. Үй жағдайы және балалардың қауіпсіздігі туралы да кеңес жүргізілді.

оқиғаға белсенділік танытып қатысқаны үшін Қазақстанның жетекші партиясы - «НұрОтан» партиясынан «Алғыс хатпен» марапатталды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау алдындағы үгіт және Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде директор Ж.Қ.Сағандықов жемісті үлес қосты.
Осы тарихи оқиғаға белсенділік танытып қатысқаны үшін Қазақстанның жетекші партиясы - «НұрОтан» партиясынан «Алғыс хатпен»  марапатталды.
Директор өз тарапынан жоғары баға үшін ризашылығын білдіріп, халқымыздың игілігі үшін одан әрі саяси және экономикалық дамуын тіледі.

«№11 қалалық емхананың» психологы Г.А.Курмангужина түзету сабағын өткізді

2021 жылдың 4 ақпан күні «№11 қалалық емхананың» психологы Г.А.Курмангужина түзету сабағын өткізді.

    Сабақтың мақсаты: әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру, эмоционалды-аффективті сфераны үйлестіру, мінез-құлықты ерікті түрде реттеуді қалыптастыру.

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуы» бөлмесінің мейірбикесі Абдуллина А.А. балалармен ойын түрінде «Көкеністердің пайдасы

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуы» бөлмесінің  мейірбикесі Абдуллина А.А. балалармен ойын түрінде «Көкеністердің пайдасы. Пайдалы тамақтану» тақырыбында кеңес беріп, «Артығын тап» деген тақырыпқа ойын өткізді.

Ойын ойнау - бала өмірінде ерекше орын алады, ал мектепке дейінгі (мінезді қалыптастыру үшін өте қысқа, бірақ өте маңызды) жастағы ойынның үлкен маңызы бар.
Ойын, айна сияқты, кішкентай адамның ойлау барысын, оның қиялының, эмоционалды сферасының ерекшеліктерін бейнелейді, оның коммуникацияға, белсенділікке, өсуге арналған жан-жақты ішкі қажеттіліктерін көрсетеді. Балалар әрқашан ойнауға дайын, ал үлкендердің міндеті - ойын-сауық қана емес, сонымен қатар өмірлік мәселелерді шешуге үлес қосу.
Ойындар түрлері, мақсаттары, ұйымдастырылуы, мазмұны және басқа белгілері бойынша ерекшеленеді, бірақ олардың барлығы баланың жеке тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің іргетасы болып табылатындығымен біріктіріледі

1-ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен егілудің бірінші кезеңі басталды

1-ақпаннан бастап Қазақстанда Ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен егілудің бірінші кезеңі басталды. Бірінші кезеңге БМСК медициналық қызметкерлері кіреді. «№11 қалалық емхананың» бірінші басшысы – директоры  Сагандыков Ж.К. және емхана әкімшілігі вакцина енгізді. Қызметкерлер вакцина егілгеннен кейін өздерін жақсы сезінеді.

Біздің қызметкерлер мен пациенттерге мықты денсаулық тілейміз!