«№11 қалалық емхананың» психологы Курмангужина Г.А. жүкті әйелдерге «Босануға психологиялық дайындық» тақырыбында сабақ жүргізді

2021 жылдың 8 ақпан күні «№11 қалалық емхананың» психологы Курмангужина Г.А. жүкті әйелдерге «Босануға психологиялық дайындық» тақырыбында сабақ жүргізді.
Мақсаты: босануға психологиялық дайындықты қалыптастыру.
Міндеттері: босануға деген жағымды қатынасты қалыптастыру және дамыту.

хабарландыру!

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, Сіздер «№11 қалалық емханада» ақылы негізде рентгенологиялық және флюорографиялық тексеруден өте аласыздар!
Сараптама сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Техникалық үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Төлемді емхананың 1-ші қабатындағы кассадан жасай аласыздар.
Рентген 109 кабинет.
Флюорогорафия 215 кабинет.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері байқалған жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22; ұялы телефон номері: 8 771 010 86 45  (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

‼️Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:

- қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;

- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22

«№11 қалалық емханада» Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және алдын-алу бойынша ашық есік күні.

2021 жылдың 6 ақпан күні «№11 қалалық емханада»
Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және алдын-алу бойынша ашық есік күні.

    Қатерлі ісікпен күресудің Республикалық онкүндігі аясында 2021 жылдың 1 ақпанынан 10 ақпанына дейін Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күніне орай, 6 ақпанда «№11 қалалық емханада» қатерлі ісікті ерте диагностикалауына орайластырған ашық есік күні өткізілді.

    Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда Қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен атап өтіледі. Және жыл сайын «№11 қалалық емханада» Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруы күні аясында ашық есік күні өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты - тұрғындардың қатерлі ісік ауруларының алдын-алу және ерте сатысында хабардар ету, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау, профилактикалық скринингтік тексерулердің қол жетімді бағдарламалары туралы ақпараттандыру.

Заманымыздың ең қорқынышты ауруы болып саналатын, өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланатын ауру қатерлі ісік (рак)

 

Заманымыздың ең қорқынышты ауруы болып саналатын, өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланатын ауру қатерлі ісік (рак). Қатерлі ісік ең көп таралатын және өлімдердің ең көбінің себебі, қатерлі ісіктен болады.

Бүгінде онкологиялық сырқаттардың тек қана денсаулық сақтау саласының емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне де айналып отыр. Елімізде бұл дерт жылына 15 мыңнан астам адамның өмірін жалмайды деген дерек бар. Бұл қазақстандықтардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі өлімінің екінші себебі.

Біріншіден, жас ерекшелігіне қарай, тұрақты түрде скринигтен өту керек. Бұл тексеру толығымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Екіншіден, бұл аурудың сиптомдары анықталған жағдайда, өз тарапыңыздан дәрігер тексеруінен өткен жөн.