патронаждық мейірбикесі Бутабаева Г. Ш. жаңа туған нәрестеге алғашқы үй патронажын жасады

«№11 қалалық емхананың» Железнодорожный қонысы (40-станция) Ж.Жабаев көш. 20 мекен жайы бойынша орналасқан филиалының патронаждық мейірбикесі Бутабаева Г. Ш. жаңа туған нәрестеге алғашқы үй патронажын жасады.
Емшек сүтімен емізудің пайдасы, баланы омырауға дұрыс жайғастыру, туылғаннан 2 айға дейінгі балалардағы қауіпті белгілер туралы кеңес-әңгіме жүргізді. Үй жағдайы және балалардың қауіпсіздігі туралы да кеңес жүргізілді.

психологы жүкті пациентке арт-терапиясын жүргізді

2021 жылы 11 ақпан күні «№11 қалалық емхананың» психологы А.К.Аманова жүкті пациентке арт-терапиясын жүргізді.
Сабақтың мақсаты: Мазасыздықты, күйзелісті, босану уақыты жақындағандағы қорқынышты жою.
Сабақ бірнеше кезеңде өткізілді.
Диагностикалық тексеру (Бек шкаласы, әлеуметтік тип бойынша тұлғалық сауалнама).
Нейография (трансформациялық және медитациялық сурет).
Арт-терапия. Саусақпен сурет салу.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Кульгинов Алтай Сейдировичтың халыққа онлайн форматта есеп беру кездесуі өтті

2021 жылдың 10 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Кульгинов Алтай Сейдировичтың халыққа онлайн форматта есеп беру кездесуі өтті. Бұл кездесуге «№11 қалалық емхананың» ұжымы белсенді қатысты. А.С.Кульгиновтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Тұрғындар тарапынан Нұр-Сұлтан қаласының дамып көркеюі туралы өзекті сұрақтар қойылды.

«№11 қалалық емхананың» №27 телімнің мейірбикесі Әбдіхалыққызы Айдана жаңа туылған нәрестеге үйінде патронаждық бақылау жүргізді

2021 жылдың 10 ақпан күні «№11 қалалық емхананың» №27 телімнің мейірбикесі Әбдіхалыққызы Айдана жаңа туылған нәрестеге үйінде патронаждық бақылау жүргізді.

Жаңа туылған нәрестенің патронажы - бұл баланың өмірінің бірінші айында дәрігер мен мейірбикенің бақылауы. Медицина қызметкерлерінің үйде профилактикалық, сауықтыру және санитарлық-ағарту іс-шараларын жүргізу. Емдеу-профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттің динамикасын бақылау. Жергілікті дәрігер немесе мейірбике анасының тұрғылықты жеріне келеді.

«№11 қалалық емханада» бас мейірбике С.Б.Шаухарова емхананың медициналық қызметкерлеріне «Пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

2021 жылдың ақпанның 9 күні «№11 қалалық емханада» бас мейірбике С.Б.Шаухарова емхананың медициналық қызметкерлеріне «Пациенттердің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарда пациенттердің қауіпсіздігі үшін алты мақсаты туралы жарияланды.
Науқасты дұрыс сәйкестендіру.
Медицина қызметкерлері арасында ақпараттың тиімді байланысын қамтамасыз ету.
Қауіпті дәрілерді қауіпсіз қолдану.
Хирургиялық учаскені дұрыс талғау.
Медициналық ұйымда инфекция жұқтыру қаупін азайту (қол гигиенасы).
Құлау жарақатының алдын-алу қаупі төмендету.