ZOOM платформасында тақырыбы: «COVID-19 вакцинасын жүргізу» конференция өткізді

2021 жылдың  26 ақпанында  ZOOM платформасында  №22,28,29,32 мектеп директорлары және мұғалімдерімен, сондай-ақ балабақша тәрбиешілерімен
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  ШЖҚ «11 қалалық емхана» МКК-ның  директоры Ж.К.Сагандыков және дәрігер эпидемиолог  Ильясова Г.С. конференция өткізді.
Тақырыбы: «COVID-19 вакцинасын жүргізу».

«Баланың дұрыс дамуын бақылау бөлмесінің» мейірбикесі Абдуллина Алия Аманжоловна жас аналарға «Баланы дұрыс және пайдалы тамақтандыру» тақырыбында кеңес өткізді

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуын бақылау  бөлмесінің» мейірбикесі Абдуллина Алия Аманжоловна жас аналарға «Баланы дұрыс және пайдалы тамақтандыру» тақырыбында кеңес өткізді. Жасына сай  дамуы жайында түсіндіріп, тағамды дұрыс дайындауды көрсетті. Әйел баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

Әр апта сайын «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі

Әр апта сайын  «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі. 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінан қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова Маржан Төлентаевна.
Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда
Сабақтар шағын топтарда 5 адамнан 10 адамға дейін өткізіледі. 
Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы.

«№11 қалалық емханада» жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті

2021 жылдың 23 ақпан күні «№11 қалалық емханада» жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев бүгінде 175 жасқа толып отыр.
Емхана директоры Сагандыков Ж.К. Жамбыл Жабаевтың «Дәрігерлер съезінде айтқан сәлемі» өлеңін оқыды.