Қайырымды істері марафоны

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де «Қайырымды істері марафоны» айлығы аясында 01.03-31.03.2021 ж. аралығында сенбі күндері сағ. 10.00-13.00 Директор Ж. К.Сағындықов көп балалы аналарды және арнайы балаларды тәрбиелейтін отбасыларға қабылдау өткізеді.
Халықаралық әйелдер күніне орай ол көп балалы аналарға қабылдау өткізіп, оларға кеңестер берді және тексерілуге жіберді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.К. Сагандыков және Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының әкімі Б.Т.Есполовтан емханада белсенді және жемісті жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерге алғыс хат пен марапаттау хаттарын табыста

Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» директоры  Ж.К. Сагандыков және Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының әкімі  Б.Т.Есполовтан емханада белсенді және жемісті жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерге : Аскарова К.С.,Мамыраймова Г.О.,  Исламкулова Н.Е., Хасенова С.Т., Жанқожаева А.А., Ергалиева А.Е., Рысбек А.Ж., Албатырова Ж.О., Шакаева К.М., Нехметжанова А.О.  алғыс хат пен марапаттау хаттарын табыстады.

Медицина саласы қызметінің даму үрдісі қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде, медицинаның рөлін айтарлықтай күшейткенін көрсетеді.  Ақ халатты абзал жандар, дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі пандемиямен күресте көп көмегін тигізді.

Марапатпен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!

Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер демекпіз.

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

назар аударыныз!

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де 06.03.2021 жылы ашық есік күні өтеді, директор Ж.К.Сағындықов қабылдаумен. 10.00-ден 12.00-ге дейін, көп балалы аналарға, толық емес отбасылардан шыққан азаматтарға, емханаға бекітілген мүгедек балаларға денсаулық сақтау мәселелері бойынша 104 кабинетте өтеді.
Мекенжай : Абылай-хан 30.

Турберкулез

1-наурыз Алғыс күні!

Кез - келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына - дауа, тәніне - шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ желеңді абзал жандар.
Сол үшін, ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілек қосамын. Сіздерді 1-наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!
Сіздерге мың алғыс!!!