Мобильді бригадалар және қызметтері

Мобильді бригадалар және қызметтері

Емханалар мен отбасылық амбулатория жанынанда уақытша Мобильді бригадалар құрылады.

1 мобильді бригада 5 мыңнан аса адамға арналған.

Науқас мобильді топқа жұмыс күндері — 8.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шала алады. Ал 18: 00-ден кейін және демалыс, мереке күндері — 103 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Мобильді топ құрамына дәрігер немесе медбике кіреді. Аурудың айқын белгілері болған жағдайда, арнайы маман болады.

‼️Мобильді бригадалар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:
науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;

20 наурыз – Зияткерлік күні

20 наурыз – Зияткерлік күні. Осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-тәсілдері дәріптеледі. Бұған қоса, кітапханаларда, жастар орталықтары мен білім беру ұйымдарында жасөспірімдер мен жастар арасында байқаулар, зияткерлік сайыстар және табысқа жеткен еңбек адамдардың, кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады.

20 наурыз – Зияткерлік күні

20 наурыз – Зияткерлік күні. Осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-тәсілдері дәріптеледі. Бұған қоса, кітапханаларда, жастар орталықтары мен білім беру ұйымдарында жасөспірімдер мен жастар арасында байқаулар, зияткерлік сайыстар және табысқа жеткен еңбек адамдардың, кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады.

келе жатқан көктем мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтап мүмкіндігі шектеулі балаларға және жұмыс істейтін зейнеткерлерге сыйлықтар табыс етіп алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және азық-түлік себеттерімен марапаттады

2021 жылдың 19-наурыз күні «№11 қалалық емхана» әкімшілігі және емхана директорының қолдауымен кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Ж.Рахымбаева келе жатқан көктем мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтап мүмкіндігі шектеулі балаларға және жұмыс істейтін зейнеткерлерге сыйлықтар табыс етіп алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен және азық-түлік себеттерімен марапаттады.
«Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!».
Қызметкерлер алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

19 наурыз - "Шымырлық пен шеберлік"

19 наурыз - "Шымырлық пен шеберлік". Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.
Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.
Әлемдік деңгейде шахматпен терезесі тең тұрған ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Аталған логикалық ойын адамның ойлау жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Тоғызқұмалақпен жастайынан шұғылданған балалардың барлығы дерлік оқуда жақсы жетістіктерге жетіп, көбісі мектепті «Алтын белгімен» аяқтайды.

Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз. Наурыз айында Ұлттық спортты қолдайық!
Наурыз құтты болсын!