24 наурыз бүкіл әлкмдік туберкулезге қарсы күн

  • Әлемде әр минут сайын 3 адам туберкулез дертінен жан тәсілім етеді. Дүниежүзі ғалымдары мұның дауасын іздеп, тамырына балта шабу үшін түрлі зерттеулер жасап жатыр. Жылда 24 наурыз – Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. 
    Туберкулезді қалай алдын алуға болады?
     
    Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
    Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.

    Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

    Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

    ‼️Коронавирустық инфекцияның өршуі қауіпіне байланысты және инфекцияның таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздерден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

    дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу

    үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету

    күн сайын ылғалды жинауды жүргізу

    «Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және елорда қонақтары! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын

    «Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және елорда қонақтары! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

    Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі келіп жетті. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! 

    Келер жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, жетістіктерге толы болғай!»

    «№11 қалалық емхана» директоры Сагандыков Ж.К.

    21 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР КҮНІ

    21 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР КҮНІ

    Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.

    Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет.

    Әсіресе, төрт түліктің сүтінен жасалатын тағамдардың орны ерекше. Олар бірыңғай денсаулыққа пайдалы дәрумендерден түзілген табиғи өнімдер. Мысалы құрттың құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екенінен хабардармыз. Ал кептірілген, қатты құртты жастайынан жеген баланың тісі берік болатынын екінің бірі біле бермейді. Қатты құрт тістердің қызылиектегі түбірін бекіте түсіп, оларды бұзылудан ұзақ уақытқа сақтайды.

    Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!

    назар аударыныз!

    «№11 қалалық емхананың» мейрам күндері және демалыс күндеріндегі жұмыс кестесі:
    Кезекші дәрігерлердің қабылдауы 08:00 ден 20:00-ге дейін;
    Шақыртулар мен активтер 08:00 ден 18:00-ге дейін;
    Провизорлық бөлімше 08:00-ден 20:00-ге дейін;
    Мобильді бригада 08:00-ден 18:00-ге дейін (телефон номері: 99-98-22);
    Анықтама 57-11-07 (көпканалды).