Негізгі гигиеналық ережелер туралы ұмытпаңыз.

Негізгі гигиеналық ережелер туралы ұмытпаңыз.

Қолыңызды үнемі құрамында спирты бар ерітіндімен жиі  өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз. Бұл шара қолдағы микробтарды жоюға, соның ішінде вирусты жоюға мүмкіндік береді.

Мүмкіндігінше көзге, мұрынға және ауызға қолыңызды тигізбеңіз. Адам қолымен көп жерлерді ұстайды, сондықтан оларға вирустық бөлшектердің түсу мүмкіндігі бар. Қолға түскеннен кейін вирустық бөлшектер көзге, мұрынға немесе ауызға ене алады. Дененің осы бөліктерінен вирус ағзаға еніп, ауру тудыруы мүмкін.

Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды немесе мұрныңызды шынтағыңызбен немесе ұлпаңызбен жабыңыз. Қолданылған матаны дереу жабылатын қақпағы бар қоқыс жәшігіне лақтырып, қолыңызды жуу керек. Қолданылған бірреттік сүлгіні дереу жабылатын қақпағы бар қоқыс жәшігіне лақтырып, қолыңызды сабынмен жуу керек. Қатаң респираторлық гигиенаны қолдану арқылы сіз айналаңыздағы адамдарды ЖРВИ, тұмау және COVID-19 сияқты вирустар тудыратын аурулардан сақтай аласыз.

Үстел үстін, терезенің алдын, компьютер айналасын үнемі өңдеп зарарсыздандырыңыз, әсіресе адамдар жиі тигізетін жерлер, мысалы, есік тұтқалары, крандар және телефон дисплейлері.

Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

Өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирусынан қалай қорғауға болады?

    Адамдардан кем дегенде 1 метр қашықтықта болыңыз, әсіресе жөтеліп, мұрыннан су ағып, дене қызуы көтеріліп тұрған азаматтардан. Бір ғимаратьта болған кезде қосымша ара-қашықтықты сақтау керек. Қанша қашықтықта болсаңыз, соғұрлым қауіпсіз.

Адам көп шоғырланған жерлерде бетперде киюді әдетке айналдырыңыз. Бетперденің тиімділігін арттыру үшін оларды дұрыс сақтау, қолдану және жою керек.

Аурудың таралуы мейрамханаларда, тамақтану орындарында, хор айтатын қызметкерлер арасында, фитнес клубтарында, түнгі клубтарда, кеңселер мен ғибадат орындарына келушілер арасында жиі кездесуі тіркелуде, сондықтан халықтан көбінесе үйде болғанын сұраймыз. Ол жерлерде адамдар қатты сөйлеседі, өкпеден терең тыныс алады немесе қатты ән айтады.

Желдетілмеген бөлмелерде көптеген адамдардың бір-біріне жақын жерде ұзақ уақыт тұруы COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады. Мұндай жағдайда вирус тамшылары аэрозольді түрінде таралады, сондықтан алдын алу шараларын жасаудың маңызы зор.

патронаждық мейірбикесі Валиева А.В. жаңа туған балаға 3 әне 13 модулі бойынша алғашқы үй патронажын жасады

2021 жылдың 29 наурыз күні «№11 қалалық емхананың» патронаждық мейірбикесі Валиева А.В. жаңа туған балаға 3 әне 13 модулі бойынша алғашқы үй патронажын жасады. Анаға дұрыс емізу 4-3-4 ережелерін түсіндірді. Баланың дамуын бағалауды жасады. Емшек сүтімен емізудің пайдасы, туылғаннан 2 айға дейінгі балалардағы қауіпті белгілер туралы кеңес-әңгіме жүргізді. Үй жағдайы және балалардың қауіпсіздігі туралы да кеңес жүргізілді.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері байқалған жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22; ұялы телефон номері: 8 771 010 86 45 (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:
- қашықтықты сақтау;
- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;
- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22

Семіздік себептері мен оны емдеу жолдары