15-20 қазан аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында "Мейірбике ісін ұйымдастыру – Финляндия тәжірибесі" Халықаралық тағылымдамасы өтті, оған Қазақстаннан медбикелер, оның ішінде біздің емхананың КДБ-нің аға медбикесі Дүйсенова Таңшолпан Дәуренбекқызы

15-20 қазан аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында "Мейірбике ісін ұйымдастыру – Финляндия тәжірибесі" Халықаралық тағылымдамасы өтті, оған Қазақстаннан медбикелер, оның ішінде біздің емхананың КДБ-нің аға медбикесі Дүйсенова Таңшолпан Дәуренбекқызы қатысты.

Медбикелер Хельсинки университетінің клиникасына, денсаулық орталығына, көпсалалы ауруханаға барып, орта медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастыру, техникалық жабдықталуымен және орта буынды медицина қызметкерлердің міндеттерімен танысты.

Директор Ж.К.Сағандықов пен акушерлік-гинекологиялық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті

Директор Ж.К.Сағандықов пен акушерлік-гинекологиялық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Жиналыс барысында жүкті әйелдерді бақылау, патронаждық қызмет көрсету, отбасын жоспарлау кабинетінің жұмысы мәселелері талқыланды.

Бүгін көпсалалы медициналық онкологиялық орталықтың онкохирургы Ернат Мұқанбетқалиұлы Таштенбаев біздің дәрігерлерге "өкпе обыры" тақырыбында оқыту семинарын өткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Бүгін көпсалалы медициналық онкологиялық орталықтың онкохирургы Ернат Мұқанбетқалиұлы Таштенбаев біздің дәрігерлерге "өкпе обыры" тақырыбында оқыту семинарын өткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Аталған іс-шара ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде өткізілді.

Қазақстанда өкпе обыры сүт безі обырынан кейінгі ең көп таралған болып табылады. Өлім құрылымында өкпе рагы бірінші орында. (primeminister.kz)

Көптеген жағдайларда ер адамдар өкпе обырымен ауыруға бейім келеді. Өкпенің қатерлі ісігінің дамуының негізгі себептері темекі шегу, канцерогенмен ластанған ауамен демалу, зиянды өндірістік факторлар, радиоактивті сәулелену, тыныс алу органдарының созылмалы ауруларының болуы, тұқым қуалайтын бейімділік болып табылады.

"ӘМСҚ" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Г.И. Джуманов "№11 Қалалық емхананың" тіркелген тұрғындарымен кездесіп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді

"ӘМСҚ" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Г.И. Джуманов "№11 Қалалық емхананың" тіркелген тұрғындарымен кездесіп, МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Гүламжан Иристаевич атап өткендей, МӘМС жүйесіндегі жарналар жеңілдікті санаттарға жататын және жарналардан босатылған азаматтарды қоспағанда, барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады.
Ол сондай-ақ тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары және олардың отбасы мүшелері МӘМС бойынша Медициналық қызметтерді ала алатынын айтты. Оның айтуынша мүмкіндігі шектеулі жандар немесе бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі ересектерге және балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға жарнаны мемлекет төлейді, яғни олар жеңілдетілген санатқа жатады.
Деректерге сәйкес, Астана қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындардың саны 82,9%, ал сақтандырылмаған тұрғындардың үлесі-халықтың жалпы санының 17,1% құрайды.

Бүгін біздің емхананың дәрігерлері мен әлеуметтік қызметкерлері сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы шеңберінде "Көпсалалы медициналық орталық" ШЖҚ МКК ұйымдастырған паллиативтік пациенттерге нутритивтік көмек көрсету бойынша семинарға қатысты

Бүгін біздің емхананың дәрігерлері мен әлеуметтік қызметкерлері сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы шеңберінде "Көпсалалы медициналық орталық" ШЖҚ МКК ұйымдастырған паллиативтік пациенттерге нутритивтік көмек көрсету бойынша семинарға қатысты.
Аталған іс-шарада балаларға паллиативтік көмектің ұйымдастырушылық үлгілері, халықаралық этикалық-құқықтық нормалар мен ауырсынуды басу бойынша мәселелер, сондай-ақ паллиативтік күтімді және паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерді қолдау мәселелері талқыланды.