Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері байқалған жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22; ұялы телефон номері: 8 771 010 86 45 (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:
- қашықтықты сақтау;
- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;
- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22

Назар аударыңыз!

хабарландыру!

«№11 қалалық емхананың» жұмыс кестесі:
Кезекші дәрігерлердің қабылдауы 08:00 ден 20:00-ге дейін;
Шақыртулар мен активтер 08:00 ден 18:00-ге дейін;
Провизорлық бөлімше 08:00-ден 20:00-ге дейін;
Мобильді бригада 08:00-ден 18:00-ге дейін (телефон номері: 99-98-22);
Анықтама 57-11-07 (көпканалды).

«№11 қалалық емханада» сенбі және жексенбі күндері, демалыс күніне қарамастан емханаға тіркелген пациенттер және мектеп мұғалімдеріне дәрігердің қарауынан өтіп екпе салынды

«№11 қалалық емханада» сенбі және жексенбі күндері, демалыс күніне қарамастан емханаға тіркелген пациенттер және мектеп мұғалімдеріне дәрігердің қарауынан өтіп екпе салынды.
Коронавирусқа қарсы вакцина алудан бұрын болуы мүмкін қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін дәрігердің қарауынан өткізілуі керек.
18 жастан асқан кез-келген сау адамды, COVID-19-қа қарсы вакцинациялауға болады, бірақ алдымен ол вакцинация пунктінде дәрігердің қарауынан өтуі керек.
Науқастың жағдайын бағалайтын, белгілі бір қарсы көрсеткіштердің бар-жоқтығын анықтайтын және науқасқа вакцина алуға мүмкіндік беретін дәрігер.

Әр апта сайын сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі

Әр апта сайын сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінен қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова Маржан Төлентаевна жүргізеді.

Елордамыздағы санитарлы-эпидемиологиялық ахуалға байланысты сабақ онлайн режимге «ZOOM» платформасына ауысты.

Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.

Сабақтар шағын топтарда 5 адамнан 10 адамға дейін өткізіледі. 

Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.