халқымызға қасиетті Рамазан айында қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді

2021 жылдың 20 сәуір күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де халқымызға қасиетті Рамазан айында қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді. «Қайырымды істер» марафоны аясында Нұр-Сұлтан қаласының Алматы облыстық әкімдігі және «Халық қайырымдылық қоры» жеке қорымен бірге азық-түлік себеті түрінде қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсетілді.
Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болсын!

Жеке тұлға біздің емханамыздың кішкетай емделушімізге көмек көрсетті

Жеке тұлға біздің емханамыздың кішкетай емделушімізге еміне қажет болып тұрған ингаляторын, 1-топтағы мүгедек пациентке арналған гигиеналық құралдар, 2 отбасыға азық-түлік алуға сертификат, қымбат дәрі-дәрмектерге ақша түрінде көмек көрсетті. Пациенттерге ерекше ықылас пен қамқорлық қажет болған кезде демеушілер қол ұшын созғаны үшін алғысымызды айтамыз және өте ризамыз.

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады, емхананың жанындағы есіктен кіресіздер («Романтик» гүл дүкені жағынан)

‼️2 қабат, 213-кабинет. Емханада тіркеуде болу міндетті емес.
☑️Екпені күнделікті сағат 09:00 дан 22:00-ге дейін ала аласыздар. Демалыс және мереке күні
☑️09:00-дан 20:00-ге дейін ала аласыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады ☎️87710108646

жолда мұқият бол!

Жол жүру ережесін білесің бе?