ВАКЦИНАЦИЯ
Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!
‼️Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады, емхананың жанындағы есіктен кіресіздер («Романтик» гүл дүкені жағынан) 2 қабат, 213-кабинет. Емханада тіркеуде болу міндетті емес. Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады☎️87710108646
ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.
2021 жылдың 28 сәуір күні «№11 қалалық емхананың» қызметкерлері, «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп, жаңа туған сәбилері бар көпбалалы отбасыларды қолдауға қайырымдылық көмек көрсетті.
COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында 2021 жылдың 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де халықты қазақстандық QazVac вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.
QazCovid-in коронавирустық инфекцияға қарсы инактивті вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл / доза, белгілі (COVID-19) инфекциясына арналған. Вакцинация 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады.
2021 жылдың 26 ақпан күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ге «Jelken foundation» қоғамдық қорының жетекшісі А.С. Байгаскиннің қолдауымен емханаға қайтарымсыз түрде оттегі концентраторымен қамтамасыз етті.
Қоғамдық қорының жетекшісі А.С. Байгаскин және ұйым қызметкерлерін қайырымдылық шара ретінде ұсынған көмегі үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздерге денсаулық, сәттілік және кәсіптеріңіздің көркейіп дамуын тілейміз.
Келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып жеке және кәсіби өмірде жарқын ұмытылмас әсерлер, сондай-ақ еңбектеріңіздің жемісті, табысты болуына тілектеспіз. Отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз.