Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!

ВАКЦИНАЦИЯ

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!
Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады, емхананың жанындағы есіктен кіресіздер («Романтик» гүл дүкені жағынан)
2 қабат, 213-кабинет. Емханада тіркеуде болу міндетті емес. Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін, ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады 87710108646

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

ВАКЦИНАЦИЯ

ВАКЦИНАЦИЯ

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!

‼️Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады, емхананың жанындағы есіктен кіресіздер («Романтик» гүл дүкені жағынан) 2 қабат, 213-кабинет. Емханада тіркеуде болу міндетті емес. Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін,  ал демалыс күндері және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады☎️87710108646

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

жаңа туған сәбилері бар көпбалалы отбасыларды қолдауға қайырымдылық көмек көрсетті

2021 жылдың 28 сәуір күні «№11 қалалық емхананың» қызметкерлері, «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп, жаңа туған сәбилері бар көпбалалы отбасыларды қолдауға қайырымдылық көмек көрсетті.

Халықты вакцинациялау үшін елордаға отандық вакцина келіп түсті – Денсаулық басқарма басшысы

  • Халықты вакцинациялау үшін елордаға отандық вакцина келіп түсті – Денсаулық басқарма басшысы

    Отандық өнімінің «QazVac" вакцинасы 6 мың доза мөлшерінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Жалпы Басқарма қоймаларында ресейлік «Спутник-V" вакцинасымен қоса 55 мыңдай вакцина дозалары бар.

    «Өткен аптада ғана қазақстандық вакцина QazVac вакцинасының бірінші партиясының жеткізілімі өтті. Енді халықтың сұрауы мен қалауы бойынша қазақстандық өнімін екпе ретінде қолдана аламыз. Дәрігер ретінде және, ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің вакцина шығаруға қабілетті елдердің қатарында болғаны мен үшін мақтанарлық»,- деді Басқарма басшысы Тимур Мұратов.

    Екпе алмас бұрын азаматтар қай вакцинаны алғысы келетінін өздері таңдай алатындығын қоса айтты басқарма басшысы. Таңдау ресейлік «Спутник-V» және қазақстандық QazVac вакцинасы арасында. Бүгінде отандық вакцина тапсырыс бойынша емханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына таратылды.

    «Күніне 6 мың адамға дейін екпе салынады. Бастапқыда тұрғындар вакцинаға сақтықпен қарады. Бірақ вакцина алмау денсаулыққа әлдеқайда қауіпті екенін және тек осылайша өзімізді инфекциядан қорғай аламыз деген кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтар вакцинацияланғандардың қатарына өз еріктерімен қосыла бастады. Халық арасында қорқу мен сенімсіздік жойылып, өз денсаулығы үшін жауапкершілік арта түсті» - , деді Мұратов Т.

    Басқарма басшысы сауда орталықтарында вакцинация пункттерін ашудың оң жақтарын да атап өтті.

    «Сауда орталықтарында вакцинация аймақтарын ұйымдастыруы айтарлықтай нәтиже беруде. Кейде азаматтар тіркелген емханаларын біле бермейді, көбісі БМСК ұйымдарына бара бермейді. Осылайша, екпе салдырып жүрген сауда орталығына келіп, дәрі-дәрмектің компоненттерін еш қиындықсыз алу өте ыңғайлы. Сондай-ақ, бұл қолайлық ықтиярхаты бар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып, жұмыс істейтін шетелдік азаматтарымызға туындап отыр», - мәлімдеді басшылық.

    Бір күннің ішінде ОСО-дың вакцинация аймақтарында 250 адамға дейін екпе егіледі. Бүгін елордада вакцинация пункттері Mega Silk Way, Keruen, Хан Шатыр және Абу-Даби Плаза сауда орталықтарында ашылды.

    COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында халықты қазақстандық QazVac вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды

    COVID-19 коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында 2021 жылдың 26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де халықты қазақстандық QazVac вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.
    QazCovid-in коронавирустық инфекцияға қарсы инактивті вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл / доза, белгілі (COVID-19) инфекциясына арналған. Вакцинация 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады.