психологы Курмангужина Г.А. жүктілігіне 34-35 апта болып бірінші және екінші сәбилерін күтіп жүрген жас аналармен «Туылғанға дейін нәрестемен байланыс» тақырыбында сабақ жүргізді

 2021 жылдың 6 мамыр күні «№11 қалалық емхана» психологы Курмангужина Г.А. жүктілігіне 34-35 апта болып бірінші және екінші сәбилерін күтіп жүрген жас аналармен «Туылғанға дейін нәрестемен байланыс» тақырыбында сабақ жүргізді.
Мақсаты: «Баламен байланыс орнату».
Міндеттері: «Босануға деген жағымды қатынасты қалыптастыру
және дамыту».

директоры Сагандыков Жаналык Кариполлаұлын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің орынбасарлары: генерал-майор М.Таласов және генерал-лейтенант Р.Шпекбаев құрметпен «Алғыс хатпен» марапаттады

2021 жылдың 6 мамыр күні «№11 қалалық емхана» директоры Сагандыков Жаналык Кариполлаұлын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің орынбасарлары: генерал-майор М.Таласов және генерал-лейтенант Р.Шпекбаев құрметпен «Алғыс хатпен» марапаттады.

Құрметті Жаналық Кариполлаұлы!

Өзімнің және қорғаныс министрлігінің басшылығы атынан, коронавирусты инфекциясы пандемиясы кезінде, Нұр-Сұлтан қаласының «№11 қалалық емханасы» мекемесінің, сіздің бастамаңызбен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және қалыптастыру мақсатында көрсеткен еңбегіңізді ерекше бағалап, алғыс білдіреміз!

Сонымен қатар, азаматтық денсаулық сақтау саласының ажырамас бір бөлігі саналатын әскери медицинамен өзара әрекеттестікті қалыптастырудағы танытып отырған ынта жігеріңізбен адами қасиетіңізді ерекше атап өткіміз келеді!

Қадірменді Жаңалық Кариполлаұлы, осы бағыттағы еңбегіңіздің шынайылығын атай отырып, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, жұмысыңызда үдайы сәттіліктер мен кәсіби жетістіктер тілей отырып, әрдайым халықтың ыстық ықыласына бөленіп, аяулы алақанында болыңыз дегіміз келеді!

«№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың әйел қауымы және емхананың кәсіподақ ұйымының комитеті, ұжымдағы ер азаматтарды 7 мамыр - отан қорғаушылар күнімен құттықтап естелік сыйлықтарын табыс етті

«№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың әйел қауымы және емхананың кәсіподақ ұйымының комитеті, ұжымдағы ер азаматтарды 7 мамыр - отан қорғаушылар күнімен құттықтап естелік сыйлықтарын табыс етті.

«Құрметті әріптестер сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, береке отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт өмір тілейміз!

5 мамыр - Халықаралық акушерлер күнімен құттықтаймыз!!!

5 мамыр - Халықаралық акушерлер күнімен құттықтаймыз!!!

ВАКЦИНАЦИЯ

ВАКЦИНАЦИЯ

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтары!!!
Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады, емхананың жанындағы есіктен кіресіздер («Романтик» гүл дүкені жағынан)
2 қабат, 213-кабинет. Емханада тіркеуде болу міндетті емес. Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін, ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады 87710108646

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.