Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

‼️Сіздерді коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина жасауға шақырамыз. Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады 2 қабат, 213-кабинет.

Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін,  ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады +7771-010-86-46.

хабарландыру!

2021 жылдың 26 маусым, сенбі күні «№11 қалалық емхана» мамандарының жұмыс кестесі:

 ФГДС Железнодорожный кенті  сағат 09:00 ден 14:00-ге дейін

Балалардың дамуын бақылау кабинеті 211 кабинет сағат 08:00 ден 16:00-ге дейін

Невропатолог 222 кабинет сағат 09:00 ден 13:00-ге дейін

Окулист взрослый 118 кабинет сағат 13:00 ден 17:00-ге дейін

 Окулист детский и взрослый 118 кабинет сағат 09:00 ден 16:00-ге дейін

 ЛОР ересектер мен балалар 202 кабинет сағат 09:00 ден 14:00-ге дейін

 Хирург 103 кабинет сағат 08:00 ден 16:00-ге дейін

 Ересектер және балалар Эндокринологы сағат 08:00 ден 16:00-ге дейін

 УДЗ 117 кабинет сағат 09:00 ден 12:00-ге дейін

 Психолог 112 кабинет сағат 08:00 ден 16:00-ге дейін

 Күндізгі стационар Железнодорожный кенті  сағат 08:00 ден 14:00-ге дейін.

 Еркектерді қарау кабинеті 105 кабинет сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін

 Әйелдерді қарау кабинеті 113 кабинет сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін.

тікелей эфир :"Вакцинация: вакцина түрлері, көрсеткіштер және кері көрсеткіштер" тақырыбы бойынша тікелей эфир.

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орайластырған 2021 жылы 18 маусым күні салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орайластырған 2021 жылы 18 маусым күні салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Осы айтулы күні медицина қызметкерлер ұжымы құттықтауларын қабылдады. Үздік дәрігерлер мен мейірбикелер Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, емхана әкімшілігінің және директор ұсынған дипломдарымен, алғыс хаттармен, ақшалай сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Астаналық филиалы төрағасының атынан және емхананың кәсіподақ төрағасының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ «Медицина қызметкері күніне» орай барлық ұжымға ақшалай сыйақы табысталды.
Біздің пациенттерге, емхананың медициналық қызметкерлеріне мықты денсаулық, амандық, өркендеу және еліміздің игілігі үшін кәсіби дамуын тілейміз.

Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.