Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл!

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәңірдің өзі тарту еткен еркіндік әрқайсымызға қымбат. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады. 30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді.
Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев «Әрбір елдің жадынамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыр шешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» - атты жаңа жұлдыз жарқырай туды, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бет бұрғанын атап өтті. Сол себепті қазақ елі мәңгі жасауы тиіс. Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк туымыз желбіреп, кең далада әнұран шырқалып ойнағанда, менің халқымнан асқан бақытты ел бар ма?

Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің 5 ережесі

  • Денсаулық және ұзақ өмір сүрудің 5 ережесі

    Бірінші ереже: Өз өмiрінізді жақсы көрiңiз.
    Ең маңызды қызықты өмiр сүру,өзінді және айналасын жақсы көру және өмірдің әр кезенде жаңа қызығушылықтарды табу. Адам жаспен өзгереді және оның қоршаған өмiрi өзгередi. Ең алдымен бұл адамның физикалық күйiн, оның материалдық тұрмыс жағдайын,мансап (зейнетке кетуi) қоғамдағы жағдайына әсер тигiзедi.

    Сондықтан адамға өзiнде iшкi қорды табу қажет, ол келе жатқан қарттыққа өз өмiрінде жаңа мерзiмге бейімделеді. Бәрі мәселе тек қана сіз кім боласыз - жасан қарт немесе ерте қартайған жас адам. Бірақ сіз өмір сүйсеніз және сосын не болады, сіздің балаларыныздын, немерелердің, достардың және жақын туыстардың тағдыры қалай болатыны сізге бәрібір болмаса, сізде ұзақ және толымды өмір сүруге мүмкіндік бар.
    Өйткені ұзақ өмір сүруге талпыныстын өзі адамды мықты және шыдамды етіп жасайды, және ен бастысы, саналы және тиімді болу. Бақытты өмірдің жарыға қайсыларына алдамшы шамшырақ көрінетіндерге қарағанда,өз өміріне разы адамдар тұмау және онкологи ялық ауруларымен азырақ аурады

    Әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі.

    Әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінен қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова Маржан Төлентаевна жүргізеді.

    Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.

    Сабақтар шағын топтарда 2 адамнан 6 адамға дейін өткізіледі. Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

    «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында «№11 қалалық емханадан» халықты вакцинациялау үшін жылжымалы топ бөлінді.

    «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында «№11 қалалық емханадан» халықты вакцинациялау үшін  жылжымалы топ бөлінді.
    Елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам пункті ашылған: БМСК мекемелерінде, сондай-ақ ірі СОО-лар мен сауда үйлерінде. Олардың қатарында Mega Silk Way, Keruen, «Хан Шатыр», «Сарыарқа», Eurasia, «Әбу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Биг Шанхай», Орталық базар, «Әлем» және «Астаналық» бар. Вакцинация пункттері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
    Сондай-ақ, халықтың жоғары белсенділігін ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялауға кірісті.

    Құрметті Қазақстан халқы!

    «Құрметті Қазақстан халқы! Вакцина - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын-алатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Сіздің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл планетада коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосады деп сенеміз!»

    ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

    ‼️Сіздерді коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина жасауға шақырамыз. Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады 2 қабат, 213-кабинет.

    Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін,  ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады +7771-010-86-46. Емханада вакцинаның 4 түрі бар.

    ☑️«Гам-КОВИД-Вак», саудалық атауы «Спу́тник-V» — COVID-19 жаңа короновирустық жұқпалы ауруды алдын алуға арналған тіркелген ресейлік құрамдастырылған векторлық вакцина.

    ☑️Hayat-Vax (SARS-CoV-2,VeroCell) – Жаппай өндіріс – Пекин биологиялық өнімдер институты. Келісім шарт жасваушы және партия өндірушісі – фармацевтика өнеркәсібі – Парсы шығанағы – Жулпар, индекс №997 , Рас-Аль-Хайма, Біріккен Араб Әмірліктері. Сауда саттық лицензиясының иегері-G42 «Фармацевтикалық өндіріс» ЖШС.

    ☑️«QazCovid-in», «QazVac» сауда атауы (Казвак, КазКовид-ин) — Қазақстан Республикасы БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген COVID -19 қарсы инактивтендірілген вакцина.

    ☑️«Sinovac-CoronaVac» Вакцинациялау кезеңдері I және II компоненттен тұрады аралығы 14 күн. Синовак / Қытай ұлттық фармацевтикалық тобымен COVID-19 инфекциясын алдын алу үшін әзірлеген.

    Вакцинация 4 кезеңнен тұрады:

    ☑️Бланк толтыру.
    ☑️Дәрігердің қарауы.
    ☑️Вакцина енгізу.
    ☑️Вакцинациядан кейін бақылауда болу.