Құрметті пациенттер!!!

Құрметті пациенттер!!!
«№11 қалалық емхананың» дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін ақысыз дәріханасы сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Түскі үзіліс жоқ. Дәріхананың байланыс нөмірі: 57-52-63

Ел астанасы Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қаласы күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз. Бас қаламыз жасай берсін, жаңара берсін!

Хабарландыру!

«Нұр-Сұлтанды сүйіспеншілікпен» тақырыбында дене-қыздыру жаттығулары түрінде флешмоб өткізілді

2021 жылдың 3 шілде күні «Қала күнін» мерекелеуге орайластырылған «№11 қалалық емхананың» қызметкерлері және емханаға келген медициналық қызметін алатын науқастармен «Нұр-Сұлтанды сүйіспеншілікпен» тақырыбында  дене-қыздыру жаттығулары түрінде флешмоб өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстандық медицина айтарлықтай биіктерге жетті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде елімізде мемлекеттік қаражат есебінен мыңнан астам денсаулық сақтау объектілері салынды және пайдалануға берілді.