1-сыныпқа баратын балалары бар медициналық қызметкерлер және олардың балаларына «1 қыркүйек – білім күні» мерекесіне орай оқушыларды білім күні мерекесімен құттықтап оқу құралдарын алуға номиналы 20 000 теңге құрайтын ақшалай сертификаттары табысталды.

2021 жылдың 24 тамыз күні ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің директоры Ж.К.Сагандыков кәсіподақ комитеті С.Ж.Рахымбаеваның қолдауымен 1-сыныпқа баратын балалары бар медициналық қызметкерлер және олардың балаларына «1 қыркүйек – білім күні» мерекесіне орай оқушыларды білім күні мерекесімен құттықтап оқу құралдарын алуға номиналы 20 000 теңге құрайтын ақшалай сертификаттары табысталды. Сонымен қатар ұжымдағы көп балалы отбасыларға және әлеуметтік қолдауды күтетін әріптестерге канцеляриялық сыйлықтар берілді.

«Мектепке жол» атты акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін балалары бар отбасыларға және жағдайы төмен отбасыларға оқу құралдарын тапсыру жалғасуда

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ-де әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының қатысуымен, «Мектепке жол» атты акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін балалары бар отбасыларға және жағдайы төмен отбасыларға оқу құралдарын тапсыру жалғасуда.

«ZOOM» платформасында «Тері обырын ерте диагностикалау. Простата обыры» тақырыбы бойынша семинарға қатысты

2021 жылдың 23 тамыз күні «№11 қалалық емхананың» дәрігерлері, медициналық қызметкерлері өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында онлайн форматында «ZOOM» платформасында «Тері обырын ерте диагностикалау. Простата обыры» тақырыбы бойынша семинарға қатысты.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері байқалған жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22; ұялы телефон номері: 8 771 010 86 45  (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:

- қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;

- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

❗Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22

акушерка Р.К.Есимова жүкті әйелдермен Босануға дайындық мектебінде «Босану, жалған жиырылу» тақырыбында сабақ өткізді

2021 жылдың 10 тамызында ШЖҚ «№11 қалалық емхана»  МКҚ-де акушерка Р.К.Есимова жүкті әйелдермен Босануға дайындық мектебінде  «Босану, жалған жиырылу» тақырыбында сабақ өткізді.

Сонымен қатар гимнастика Лотос, Кегель жаттығулары, тізе-шынтақ позасы. Сондай -ақ, стрессті, физиологиялық стрессті жеңіп, жаттығулар арқылы оң көзқарасты сақтаңыз.

Апта сайын әр сейсенбіде сағат 16: 00 -ден 18: 00 -ге дейін емханада «Босануға дайындық мектебі» сабағы өтеді. Жүктілікке тіркелген жүкті әйелдер сабаққа келе алады.