2021 жылдың 2 қыркүйек күні «№11 қалалық емхананда» балалар мен ересектерге иммунизация, КВИ қарсы профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің аттестациясы жүргізілді

2021 жылдың 2 қыркүйек күні «№11 қалалық емхананда» балалар мен ересектерге иммунизация, КВИ қарсы профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің аттестациясы жүргізілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №361 «Халықтың профилактикалық егулеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптары» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын орындау және білім деңгейін жоғарылату.

Осыған байланысты емханада жауапты және білікті мамандардан аттестаттау өткізу үшін комиссия құрылды.
Емхана қызметкерлерінің негізгі бөлігі иммундау бойынша біліктілігін растап қорғады және өз білімдерін, дағдыларын нығайтты.

ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКҚ-ның отбасын жоспарлау кабинетінің жұмысы туралы ақпарат.

ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКҚ-ның отбасын жоспарлау кабинетінің жұмысы туралы ақпарат.

жүктілікті жоспаралу мәселелері және жүктіліктен сақтанудың замануи әдістері мәселелері бойынша уақытылы ақпараттандыру және кеңес беру;

Жатыр мойнының ауруларын тексеру және емдеу. Жатыр мойны эрозиясының радиотолқындық емі, жатыр мойны биопсиясы (ФОТЕК Е81М аппараты);

ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету

жүктілікті ойланып және еркін жоспарлау;

жағымсыз жүктілікті болдыртпауға тырысу;

жүктілік пен туу арасындағы уақытты 2-3 жыл ағымында үйлестіру;

ата-аналар жасынан тәуелді бала туу уақытын таңдауды бақылау;

отбасында балалар санын анықтау.

Сонымен қатар «№ 11 қалалық емханада» отбасын жоспарлау мектебі қызмет көрсетеді. Ол келесі мақсаттарды жүзеге асырады:

☑️ана, бала және жасөспірім денсаулығын қорғау;
☑️жағымсыз жүктіліктің алдын алуы, бедеуліктің алдын алуын емдеу, ЖИТС/АИТВ емдеу;
☑️отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабардар ету және кеңес беру (жүктіліктен сақтанудың сенімді әдісін таңдауға көмектеседі)
☑️ұрықтануға қарсы құралдарымен (контрацептивтермен) қамтамасыз ету, отбасы және неке мәселелері бойынша ағарту.
Отбасын жоспарлау кабинетінің дәрігері Баймухамедова Бахыт Смагуловна еңбек өтілі 25 жылдан астам.

психологы Карменова А.С. жүкті әйелдермен және жас аналармен «Бақытты ана болу» тақырыбында тренинг өткізді

2021 жылдың 31 тамыз күні «№11 қалалық емхананың» психологы Карменова А.С. жүкті әйелдермен және жас аналармен «Бақытты ана болу» тақырыбында тренинг өткізді, сабақтың мақсаты:
-бақытты сәбиді дүниеге әкелуге және тәрбиелеуге психологиялық дайындық;
- жүктілік кезінде сенімділікке, ішкі үйлесімділік пен тыныштыққа жету;
- босануға қолайлы эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыру және дамыту.

Қымбатты достар!

Қымбатты достар!

Құрметті Елдорда тұрғындары! Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын!

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды