Қазақстан халқы тілдерінің XXIII қалалық фестивалі аясында медициналық қызметкерлерге арналған ашық сабақ өткізілді

2021 жылдың 10 қыркүйек күні «№ 11 қалалық емханада» жоспарға сәйкес, Қазақстан халқы тілдерінің
XXIII қалалық фестивалі аясында «Қазақ тілінің дамуы және тарихы»  тақырыбында (қазақ тілінің дамуына үлес қосқан ғұлама ақындар жайлы қысқаша шолу)  медициналық қызметкерлерге арналған ашық сабақ өткізілді

«Баланың дұрыс дамуын бақылау кабинетінің» мейірбикесі С.Н. Сулейменова жас аналарға кеңес өткізеді

«№11 қалалық емханада» күнделікті «Баланың дұрыс дамуын бақылау кабинетінің»  мейірбикесі С.Н. Сулейменова жас аналарға «Жаңа туылған сәбиді омырауға дұрыс салу», «Емшек сүтінің маңыздылығы», «Сәби күтімі. Шомылдыру. Массаж. Күн тәртібін қалыптастыру» тақырыптарында кеңес өткізеді. Жасына сай  дамуы жайында түсіндіріп, ана дұрыс тағамдарды жеу керектігін айтып түсіндірді. Ана баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

«Жедел ми қан айналымының бұзылуы кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі» тақырыптары бойынша семинар өткізілді

«№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады.  «№11 қалалық емхананың» шығу бригадасының фельдшерлеріне және диспетчерлеріне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» бойынша әр он күндік сайын семинар өткізіледі.  

2021 жылдың 9 қыркүйек күні «Жедел ми қан айналымының бұзылуы кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.

акушерка Есимова Р.К. жүкті әйелдермен «Босануға дайындық мектебінде» «Босану, жалған толғақ» тақырыбында жүктілігінің 3 триместірінде жүрген жүкті әйелдерге сабақ өткізді

ШЖҚ «№11 қалалық емхана»  МКҚ-де акушерка Есимова Р.К. жүкті әйелдермен «Босануға дайындық мектебінде»  «Босану, жалған толғақ» тақырыбында жүктілігінің 3 триместірінде жүрген жүкті әйелдерге сабақ өткізді.
Бірқатар гимнастиканың: «Лотос қалыбы», «Кегель жаттығулары», «Тізе-шынтақ қалыбы» түрлерін көрсетті.
Сонымен қатар, акушерка: босану, босану кезеңдері, толғату, босану кезіндегі ауырсыну, денеге түсетін жүктемені жеңу,  физиологиялық жүктеме және қиындықты қалай жеңуге, жаттығулар көмегімен позитивті көзқарасты сақтау туралы айтты.
Толғақты қалай жеңілдетуге болады, қай қалыпта толғақ оңайынан келеді.
 Босанудың 1 белсенді кезеңі және босану кезіндегі әйелдің өзін-өзі дұрыс ұстауы. Қорқыныш сезімі және оны қалай жеңуге болады.

Апта сайын әр сейсенбіде сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін емханада «Босануға дайындық мектебі» сабағы өтеді. Жүктілікке тіркелген жүкті әйелдер сабаққа қатысып қызықты мағлұмат алсаңыздар болады.

«Елім үшін егілемін», «Вакцинируйся» атты логотипы бар білезіктерді тарату акциясы басталды

«№11 қалалық емханада» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру кампаниясын іске асыру мақсаты бойынша «Елім үшін егілемін», «Вакцинируйся» атты логотипы бар білезіктерді тарату акциясы басталды.