«Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі» тақырыптары бойынша семинар өткізілді

«№11 қалалық емхана» әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады.  «№11 қалалық емхананың» шығу бригадасының фельдшерлеріне және диспетчерлеріне «Алғашқы медициналық жедел көмек көрсету алгоритмдері» бойынша әр он күндік сайын семинар өткізіледі.  

2021 жылдың 27 қыркүйек күні «Жедел коронарлық синдром кезіндегі жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.

«Замандас 21» қоғамдық қорының шақыруымен «№11 қалалық емхананың» жедел жәрдем қызметкерлері Капаргазин Дәуренбек пен Литвинов Дмитрий «Замандас» отбасылық-аулалық клубының мүшелеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шағын курс өткізді

«Замандас 21» қоғамдық қорының шақыруымен «№11 қалалық емхананың» жедел жәрдем қызметкерлері Капаргазин Дәуренбек пен Литвинов Дмитрий «Замандас» отбасылық-аулалық клубының мүшелеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шағын курс өткізді.

    Балалар мен ересектерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерінен басқа, жігіттер ата-аналарды қызықтыратын сұрақтарға сауатты түрде жауап берді

вирустық инфекциялардың өршуіне байланысты ұзақ үзілістен кейін Қарттар күніне орайластырылған «№11 қалалық емханада» асыл жастағы ең белсенді және батыл қарттармен мереке тойланды

2021 жылдың 25 қыркүйек күні вирустық инфекциялардың өршуіне байланысты ұзақ үзілістен кейін Қарттар күніне орайластырылған «№11 қалалық емханада» асыл жастағы ең белсенді және батыл қарттармен мереке тойланды.

Оларды емдеу-профилактикалық қызметтің бастығы, бас медбике, салауатты өмір салты дәрігері және әлеуметтік-психологиялық қызмет қызметкерлері құттықтады.
Кездесуде біздің қарттармен М.С.Норбековтың сабақтары бойынша сауықтыру гимнастикасымен айналысты, қант диабетінің алдын алу бойынша әңгімені тыңдады және «Психикалық денсаулықты нығайту» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Мерекеге әлеуметтік-психологиялық қызмет ұжымының күшімен мерекелік тәтті дастархан жайылды.
Мерекелік үстелде басында белсенділер позитивті және көтеріңкі көңіл-күйге арналған әндер, әзілдер, ойындар орындалды.
Соңында демеушілерден тәтті сыйлықтар, құттықтаулармен гүлдер алтын жастағы қарттарға табысталды.

«№11 қалалық емханада» және емхананың Железнодорожный кенті (40-ст.) филиалында «Бірге таза Қазақстан!» атты ұранмен жалпықалалық сенбілік өтті

2021 жылдың 25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы «№11 қалалық емханада» және емхананың Железнодорожный кенті (40-ст.)  филиалында «Бірге таза Қазақстан!» атты ұранмен  жалпықалалық сенбілік өтті.

Емхана жұмысшылары ғимараттың жан-жағын тазартып, реттестіріп, жол жиегіндегі шекараларды ақтап, бұрыңғы егілген талдарды суғарып, қоқыстардан тазартты. Емханаға тиесілі аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.
  
Бірнеше сағат ішінде ұйым аумағының жапырақтары мен қоқыстары сыпырылып тазартылып, жол жиегіндегі шекаралар, ағаштарды әктеліп, қоқыстардан тазартылып, кесілген ағаштар ретке келтірілді.

Жалпы қалалық сенбілікке қатысушылардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен: күректермен, қолғаптармен, қоқыс дорбаларымен қамтамасыз етілді.

«Қарттар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізді

2021 жылдың 24 қыркүйек күні Железнодорожный кентінің (40-станция) «№11 қалалық емханасының» филиалында әлеуметтік-психологиялық қызметтің мамандары санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, «Қарттар күні» мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Қарт тұрғындар дөңгелек үстелге шақырылды, бағдарламада мерекелік концерт, жетекшілер мен белсенділердің өнері, егде жастағы азаматтардың клубынан ұлттық домбыра мен әндер айтылып тәтті дастархан жайылды.
Ал мерекелік шара соңында естелік сыйлықтар табыс етілді.