Құрметті ерекше назар аударуды қажет ететін балалар және олардың ата-аналары мен қарт кісілер!

Құрметті ерекше назар аударуды қажет ететін балалар және олардың ата-аналары мен қарт кісілер!

Сіздерді «№11 қалалық емхана» 2021 жылдың 2 қазанында өтетін «Ашық есік күніне» балаларды және олардың ата-аналары мен қарттарды медициналық тексеруден өту үшін шақырады.

Арнайы мамандандырылған дәрігерлер:
Гинеколог №226 кабинет 08:00 ден 14:00 дейін
Кардиолог №223 кабинет 08:00 ден15:00 дейін
ЭКГ №223 кабинет 08:00 ден14:00 дейін
Невропатолог (ересек) №203 кабинет 08:00 ден 15:00 дейін
Невропатолог (балалар) №220 кабинет 08:00 ден 15:00 дейін
Окулист №118 кабинет 08:00 ден 12:00 дейін

Хирург №103 кабинет 09:00 ден 11:00 дейін
Травматолог (балалар) №102 кабинет 08:00 ден 14:00 дейін
Проктолог №103 кабинет с 11:00 ден 13:00 дейін
Рентген №109 кабинет 08:00-ден 14:00-ге дейін
Ерлерді қарау №105 кабинет 08:00-ден 20:00-ге дейін
Әйелдерді қарау №113 кабинет 08:00-ден 20 :00-ге дейін.

Дене гигиенасы және жеке күтім» тақырыбтарында «ZOOM» платформасында емханаға территориялық бекітілген бақыланатын жалпы білім орта мектептің 7 сынып оқушыларымен конференция өтті

2021 жылдың 29 қыркүйек күні «№11 қалалық емханада» «Дауа» Жастар Денсаулық Орталығының жоспарына сәйкес «Репродуктивті денсаулық. Дене гигиенасы және жеке күтім» тақырыбтарында «ZOOM» платформасында емханаға территориялық бекітілген бақыланатын жалпы білім орта мектептің 7 сынып  оқушыларымен конференция өтті.

Сабақты акушер-гинеколог Баймұхамедова Бақыт Смағұлқызы мен салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. өткізді.

Сабақ барысында балалар репродуктивті денсаулық туралы түсінікті, интимдік дене гигиенасының маңыздылығын, су процедураларын қабылдаған кезде гигиена мен санитарлық нормаларды сақтауды, табиғи экологиялық матадан тігілген киім киюді айтты. Сонымен катар салауатты өмір салты дәрігері салауатты, белсенді өмір туралы, вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары, санитарлық нормаларын сактау және тұмауга қарсы вакцинация туралы әңгіме жүргізді.

«№11 қалалық емхананың» әлеуметтік-психологиялық қызметтің психологтары медициналық персоналмен тиімді коммуникация бойынша тренинг өткізді

2021 жылғы 28 қыркүйек күні «№11 қалалық емхананың» әлеуметтік-психологиялық қызметтің психологтары медициналық персоналмен тиімді коммуникация бойынша тренинг өткізді. Тақырыбы: «Тиімді қарым-қатынас дағдылары және эмоционалдық күйзеліске ұшырау синдромының алдын-алу».

Сабақ барысында коммуникативтік жаттығулар қолданылды :

«Эмоцияны тап», «Менің жүрегім ... толы» жаттығуы, «Көңіл-күй термометрі» жаттығуы. Қызметкерлер позитивті көңіл күймен бір-біріне деген ыстық ықыласпен ,достықпен тарқады .

«Дауа» Жастар Денсаулық Орталығының жоспарына сәйкес «Репродуктивті денсаулық. Дене гигиенасы және жеке күтім» тақырыбтарында «ZOOM» платформасында конференция өтті

2021 жылдың 28 қыркүйек күні «№11 қалалық емханада» «Дауа» Жастар Денсаулық Орталығының жоспарына сәйкес «Репродуктивті денсаулық. Дене гигиенасы және жеке күтім» тақырыбтарында «ZOOM» платформасында емханаға территориялық бекітілген бақыланатын жалпы білім орта мектептің 6 сынып  оқушыларымен конференция өтті.

Сабақты акушер-гинеколог Баймұхамедова Бақыт Смағұлқызы мен салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. өткізді.

Сабақ барысында балалар репродуктивті денсаулық туралы түсінікті, интимдік дене гигиенасының маңыздылығын, су процедураларын қабылдаған кезде гигиена мен санитарлық нормаларды сақтауды, табиғи экологиялық матадан тігілген киім киюді айтты. Сонымен катар салауатты өмір салты дәрігері салауатты, белсенді өмір туралы, вирусты инфекциялардың алдын алу шаралары, санитарлық нормаларын сактау және тұмауга қарсы вакцинация туралы әңгіме жүргізді.

Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

 Біріншіден: қол гигиенасын қатаң сақтаңыз - қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін әрқашан қолдарыңызды 20 секунд бойы мұқият жуыңыз, содан кейін оларды бір реттік қағаз сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Жаныңызда антисептикалық майлықтар немесе сұйық ерітінділер болғаны жөн (гелдер, спрейлер және басқа). Осылайша сіз қолыңызды жуатын мүмкіндік болмаса да, әрдайым таза ұстай аласыз.

   Екіншіден: телефонды үнемі антисептикалық заттармен өңдеңіз, әсіресе бетіңізге жанасатын бетін. Егер телефонның сырт қабы болса, оны өңдеу кезінде бөлек алып тастап зарарсыздандыру керек (немесе оны қолданбаған дұрыс).