мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға және қарт адамдарға медициналық тексеру мақсатында Халықаралық қарттар күніне және мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орайластырылған «Ашық есік күні» өтті

2021 жылдың 2 қазан күні «№11 қалалық емханада» мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға және қарт адамдарға медициналық тексеру мақсатында Халықаралық қарттар күніне және мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орайластырылған «Ашық есік күні» өтті.

    Іс-шара барысында арнайы мамандандарылған қабылдаулары ұйымдастырылды: хирург, (балалар) травматолог, офтальмолог, невропатолог, гинеколог, кардиолог, эндокринолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер.

Функционалды диагностика (ЭКГ) мейірбикелері қан қысымы мен жүрек соғу жиілігін өлшеу, ЭКГ зерттеулері, экспресс әдісімен зертханалық зерттеулермен кешенді профилактикалық тексеруден өткізді.

Келген азаматтар біздің медицина қызметкерлеріне көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін ризашылықтарын білдірді!
Біз барлық емделушілерге белсенді және салауатты өмір салтын тілейміз!

18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында басталған жалпықалалық күзгі тазалау айлығы аясында сенбілік өтті


2021 жылдың 2 қазан күні «№11 қалалық емханада» 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында басталған жалпықалалық күзгі тазалау айлығы аясында сенбілік өтті.

Тазалау емхананың барлық бөлімшелерінде және емхананың барлық филиалының  ғимараттарының ішінде де, оның қарауындағы аймақта да жүргізілді. Мекеме қызметкерлері айналаны қоқыстардан тазалап,  түскен жапырақтардан, құрғақ ағаш бұтақтарынан тазартты. Сенбілік кезінде көгалдар мен жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар тазартылды.
Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары аясында гүлзарлар ретке келтірілді.

«Жүктілік кезіндегі экстрагенитальды патология (Босануға дейінгі күтім)» тақырыбы бойынша КеАҚ «Астана Медициналық Университетінің» оқытушылары «№11 қалалық емхананың» жалпы тәжірибелі дәрігерлерін оқыту курсы өтілуде

«Жүктілік кезіндегі экстрагенитальды патология (Босануға дейінгі күтім)» тақырыбы бойынша КеАҚ «Астана Медициналық Университетінің» оқытушылары «№11 қалалық емхананың» жалпы тәжірибелі дәрігерлерін оқыту курсы өтілуде.

Емхана әкімшілігі, емхананың дәрігерлеріне, медициналық қызметкерлеріне өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру, кадрлар біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау  мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады.

«Қарттар күнін» мерекелеу құрметіне «№11 қалалық емханада» еңбек ардагерлерінің - асыл жастағы емхана қызметкерлері Бейбітова Гүлжан Ғазизқызы, Төлешова Нағима Муслимхановна және басқалардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті

2021 жылдың 1 қазанын күні «Қарттар күнін» мерекелеу құрметіне «№11 қалалық емханада» еңбек ардагерлерінің - асыл жастағы емхана қызметкерлері Бейбітова Гүлжан Ғазизқызы, Төлешова Нағима Муслимхановна және басқалардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада емхананың директоры Сағандықов Ж.Қ. денсаулық сақтау және халыққа медициналық көмек көрсету саласына қосқан үлесі үшін жылы тілектер мен ризашылық ыстық лебізін білдірді.
Белсенді және жігерлі, салауатты өмір салтын, әрқашан дәрігер деген мақтаныш атағын алып жүруді және жас кәсіби ұрпаққа лайықты өмір үлгісін көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Сондай-ақ, ардагерлерге жас ұрпақ пен емхана ұжымынан шын жүректен құттықтаулар айтылды.
Ардагерлерден жас ұрпаққа «Дәрігер жолы» әдеби туындысы түрінде естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында мерекелік дастархан жайылып, онда еңбек ардагерлері өз өмірлері, еңбек жолдары туралы қызықты, қуанышты естеліктермен еңбек өмірінің қызықты сәттерімен бөлісті.

Балаларды COVID-19-тен қалай қорғауға болады

Балаларды COVID-19-тен қалай қорғауға болады.

Балалардың таза ауаға, далаға шығуы қажет, бірақ сонымен бірге олардың қандай ережелерді сақтау керектігін дұрыстап түсіндіру керек. Өзіңіздің бойыңыздағы тазалық ережелерін насихаттау арқылы тазалыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балаңызбен серуендеп, ойнағаннан кейін, тамақтанар алдында және дәретханадан кейін әрқашан қолыңызды жуыңыз. Балаларға инфекцияның немесе аурудың көзі лас қолдың болатындығы туралы түсіндіріңіз.
Адамдар көп шоғырланған жерлерде кемінде екі метрдей мүмкіндігінше әлеуметтік арақашықтықты сақтау ұсынылады. Егер бала оны байқай алмаса, онда сіз мұндай жақын байланыс жоқ жерде серуендеуге тырысуыңыз керек.
Сонымен қатар, балаларға қолдарын бетке тигізуге, мұрынға тигізуге, көзді ысқылауға болмайтындығын түсіндіру маңызды, себебі бұл инфекцияны тудыруы мүмкін. Сырғанақтан кейін немесе басқа ойын-сауық жерлерде серуендегеннен кейін терінің ашық жерлерін де жиі дезинфекциялау керек, ал үйге оралғаннан кейін душ қабылдаған жөн.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес балалар алаңдары үнемі, балалар болмаған кезде дезинфекцияланады. Әрине, дезинфекциялық құралдармен өңделген жерлерде ойнау қауіпсіз, дегенмен, қауіпсіздік деңгейі сол жерде болған балалардың санына байланысты.