Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

  • Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

    Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталды. Тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бұл вакцина кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі.

    «№11 қалалық емханада» тұмауға қарсы «Гриппол плюс» препаратымен (өндіруші Ресей) екпе жасау басталды.

    Екпені мына мекен жай бойынша ала аласыздар:
    - Абылай хана даң., 30., 2-этаж 207 кабинет жұмыс күндері сағат 08.00 ден 20.00 дейін, сенбі күні 08.00 ден 14.00 дейін.
    - «№11 қалалық емхананың» филиалы Железнодорожный кенті (ст.40-ая) Ж.Жабаев көш., 20.

    Железнодорожный кенті 40-шы станция филиалында «Қамқорлық сыйлаймыз» атты әлеуметтік және қайырымдылық маусымдық науқан басталды

     

    2021 жылдың 5 қазан күні «№11 қалалық емхананың» Железнодорожный кенті 40-шы станция филиалында «Қамқорлық сыйлаймыз» атты әлеуметтік және қайырымдылық маусымдық науқан басталды.
    Ұжымның көмегімен жасалған емханаға қарасты тұрғындар үшін балаларға, ересектерге арналған заттар жиналды.
    Бұл іс-шара заттарды толық таратқанға дейін аптаның соңына дейін жалғасады. Қажет болса, осы мекен-жай бойынша емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметіне жүгіне аласыздар.

    «10 қазан - Мүмкіндігі шектеулі жандар күні» мерекесіне орай шектеулі балаларға және көмекке мұқтаж отбасыларға аяқ киімдерді ұсыну өткізілуде

    «№11 қалалық емханада» «10 қазан - Мүмкіндігі шектеулі жандар күні» мерекесіне орай әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының ұйымдастыруымен «Ақниет» қайырымдылық қорының демеушілігімен  «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы мүмкіндігі шектеулі балаларға және көмекке мұқтаж отбасыларға аяқ киімдерді ұсыну өткізілуде.
    Балаларымызға мықты денсаулық, бақытты, алаңсыз балалық шақ, ашық аспан тілейміз.
    Біздің балаларымызға қолдау көрсеткені үшін «Ақниет» жеке қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.М.Бисембаеваға шексіз алғысымызды білдіреміз. Сізге жұмысыңызға сәттілік, өркендеу және халқымыздың игілігі үшін одан әрі ынтымақтастықты нығайтып жемісті еңбек тілейміз.

    психологы Нургожина Б.С. және әлеуметтік қызметкер Мухамбеталина Г.Ж. емхананың аймақтық тіркелген жалпы білім беретін № 29 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына «Өзіне сенімділік пен өзін-өзі бағалау» тақырыбында тренинг өткізілді

    2021 жылдың 4 қазан күні «№11 қалалық емхана» психологы Нургожина Б.С. және әлеуметтік қызметкер Мухамбеталина Г.Ж. емхананың аймақтық тіркелген жалпы білім беретін № 29 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына «Өзіне сенімділік пен өзін-өзі бағалау» тақырыбында тренинг өткізілді.
    Тренингтің мақсаты: өзін-өзі тану, өзін-өзі зерттеу, өзін-өзі жетілдіру, жеке және әлеуметтік өсу, өзінің анықталмаған потенциалын білу.
    Тренингтің міндеттері: өз көзқарастары мен әдеттерін ашу және іске асыру; жаңа және шабыттандыратын түсіндірмелер жасау; бақытты, жарқын өмір сүріңіз, сіздің ең қымбат армандарыңыз орындалады.
    Тренингте сәлемдесу, кіріспе және ойын-қыздыру жаттығулары жасалды: «Затты бір-біріне бағыттап өз-өздерін таныстыру», «Мен кіммін?», «Комплимент», «Бетпердесіз», «Сыйлық» атты.
    Балалар сыныпта өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру ұғымын білді.

    «№11 қалалық емхананың» мамандары Карменова А.С. және Аманова А.К. аймақтық тіркелген мектептердің «7» сынып оқушыларымен «Мен өмірді сезінемін!» атты психологиялық тренинг өткізілді.

    «№11 қалалық емхананың» мамандары Карменова А.С. және Аманова А.К. аймақтық тіркелген мектептердің «7» сынып оқушыларымен «Мен өмірді сезінемін!» атты психологиялық тренинг өткізілді.

    Тренингтің негізгі мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
    Міндеттері: өзін-өзі бағалауды нығайту, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, мазасыздықты азайту.
    Тренинг барысында мектеп оқушылары психологтармен бірге құндылық бағдарлары, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру бойынша түрлі жаттығулар мен ойын тапсырмаларын орындады.
    Мысалы: «Менің атым», «Сезім әлемінде», «Елестетіп көр», «Мен бақытты болғанда ....» және т.б.).