"№11 қалалық емхананың" дәрігерлерімен қызметкерлерінің атынан еліміздегі күрделі ахуал салдарынан ел мүддесі жолында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің туған – туысқандары мен ет - жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, ал зардап шеккен

"№11 қалалық емхананың" дәрігерлерімен қызметкерлерінің атынан еліміздегі күрделі ахуал салдарынан ел мүддесі жолында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің туған – туысқандары мен ет - жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, ал зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын. Әркез елімізде тұрақтылық сақталып, бірлік пен ынтымақ арта берсін!

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні.

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні.

Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні.

Құрметті пациенттер, қала қонақтары мен тұрғындары!

Құрметті пациенттер, қала қонақтары мен тұрғындары!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2022 жыл мерекелі, берекелі болсын.

Жаңа 2022 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2023 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2022 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2022 жылымен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

«№11 қалалық емхана» директоры Сагандыков Ж.К.

Железнодорожный кентінде орналасқан «№11 қалалық емхананың» филиалында, кішкентай пациент балаларымызды жеке демеушінің және әлеуметтік қызметкерлердің қолдауымен Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы өтті

Железнодорожный кентінде орналасқан «№11 қалалық емхананың» филиалында, Жамбыл Жабаев көшесі 20 мекен жайы бойынша орналасқан, «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында тәтті жиынтықтар түрінде ерекше қамқорлықты қажет ететін кішкентай пациент балаларымызды жеке демеушінің және әлеуметтік қызметкерлердің қолдауымен Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы өтті.
Біз балаларымызға денінің саулығын, жақындарының жылулығы мен қамқорлық тілейміз.

Жаңа жылдық мерекелерде «№11 қалалық емхана» қалай жұмыс істейтін болады.

Жаңа жылдық мерекелерде «№11 қалалық емхана» қалай жұмыс істейтін болады.

Емхананың 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін емханадағы жұмыс уақытын жариялаймыз:

– Дәрігерді үйге шақыртулар мен бару 08:00-ден 20:00-ге дейін қабылданады;

– Емханадағы кезекші дәрігерлер сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін;

– Мобильді топ 08:00-ден 20:00-ге дейін;

– Провизорлық бөлім 08:00-ден 20:00-ге дейін;

– Колл центр с 08:00 до 20:00;

– Вакцинация 02.01.2022 ж. күні сағат 08:00 ден 20:00 дейін қабылданады.

01.01.2022 – мереке күн (вакцинация кабинеті үшін).