Бүгін «№11 Қалалық емханада» дәрігер-эпидемиолог С.Б.Исмагулов парентералдық жолмен берілетін гемоконтактілік инфекциялардың (АИТВ/ЖИТС,ВВГ,ВГС) алдын алу мәселелері бойынша «АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары нормативтік құжаттар» тақырыбында семинар

Бүгін «№11 Қалалық емханада» дәрігер-эпидемиолог С.Б.Исмагулов парентералдық жолмен берілетін гемоконтактілік инфекциялардың (АИТВ/ЖИТС,ВВГ,ВГС) алдын алу мәселелері бойынша «АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары. Нормативтік құжаттар» тақырыбында семинар өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
2022 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай.
Авариялық жағдайлар, авариялық жағдайларды рәсімдеу және жою.
Апаттық жағдайға хабарлау схемасын зерттеу.
Кәсіби қауіпсіздік шараларын сақтау.

психологы Б.С. Нұрғожина «Біз біргеміз» тренингін өткізді

ШЖҚ "11 Қалалық емхана" МКК-нің № 3 ЖТД бөлімшесінің психологы                          Б.С. Нұрғожина, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынастардағы кедергілерді жеңу, сондай-ақ қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында «Біз біргеміз» тренингін өткізді.

Күнделікті «№11 қалалық емхананың» СӨС дәрігері Г.К. Орынбасар және әлеуметтік қызметкер Смагулова А.Х. емханаға келген пациенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Күнделікті «№11 қалалық емхананың» СӨС дәрігері Г.К. Орынбасар және әлеуметтік қызметкер Смагулова А.Х. емханаға келген пациенттерге «Қант диабетін алдын алу», «Артериялық гипертензияны алдын алу», «Кауіпсіз тамақтанудың 5 қағидасы», «Скринингтен өтудің маңыздылығы», «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша кеңестер», «жіті инсульт пен жіті инфаркттың алдын алу», тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, дабылдатқыш арқылы барлық қабаттарда естілетін «Пайдалы кеңестер» айдары бойынша СӨС дәрігері «Артериялық гипертензияны қалай алдын алуға болады» тақырыбында дауыстық ақпарат берілді.

«№11 Қалалық емхана» әкімшілігі жүйелі түрде жеке жеке демеушілер мен қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына көмек беріп отырады

«№11 Қалалық емхана» әкімшілігі жүйелі түрде жеке жеке демеушілер мен қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына көмек беріп отырады.
Осы мақсат аясында, жеке демеушімен бірлесе денсаулығы төмен пациентке гигиеналық және дәрілік құралдармен әлеуметтік көмек көрсетілді.
Барша қолдаушыларға алғыс білдіреміз.

"№11 Қалалық емхананың" №3 ЖТД бөлімшесінде мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық тренинг өткізілді

"№11 Қалалық емхананың" №3 ЖТД бөлімшесінде мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық тренинг өткізілді.
Бұл ойын балалардың бір-бірімен жаңа таныстығы кезінде пайдалы: бұлшықет кернеуін төмендетуге, сенімді және тікелей қарым-қатынас жасауға көмектеседі.