Эмоционалды шаршау синдромы-бұл жұмыстағы созылмалы стресстен туындайтын эмоционалды, психикалық сарқылу, физикалық шаршау жағдайы

Эмоционалды шаршау синдромы-бұл жұмыстағы созылмалы стресстен туындайтын эмоционалды, психикалық сарқылу, физикалық шаршау жағдайы.
Медицина қызметкерлері эмоционалды шаршау қаупі бар тобына кіреді, өйткені олардың жұмысы жоғары жауапкершілікпен байланысты.
Қызметкерлер арасында эмоционалдық күйіп қалу синдромының алдын алу мақсатында біздің емхананың психологтары "Менің планетам" тақырыбында арт-терапия өткізді.
Осылайша, мамандар әріптестерінің эмоционалды күйзелісін жеңілдетіп жағымды ойлауға бейімдейді.

"№11 қалалық емхананың " психологтары қызметкерлерді психологиялық қолдау бойынша топтық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп отырады

"№11 қалалық емхананың " психологтары қызметкерлерді психологиялық қолдау бойынша топтық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп отырады.
Бүгін емхана психологы А.К.Аманова қызметкерлерге жаңа әдістеме бойынша арт-терапия жүргізді, қатысушылар тыныштандыратын, баяу әуенді тыңдай отырып өз эмоцияларын түрлі түстермен жеткізе алды, сонымен қатар маманнан кеңестер мен ұсыныстар алды.
Бұл әдіс қызметкерлер арасында эмоционалдық күйіп қалу синдромының алдын алу, эмоционалдық стрессті жеңілдету және оң ойлауға деген көзқарас үшін жүзеге асырылады.

ШЖҚ "11 Қалалық емхана" МКК №3 ЖТД бөлімшесінде психолог Б.С. Нұрғожина баланың жеке басының адамгершілік және ерік қасиеттерін дамытатын ойындар өткізді

ШЖҚ "11 Қалалық емхана" МКК №3 ЖТД бөлімшесінде психолог Б.С. Нұрғожина баланың жеке басының адамгершілік және ерік қасиеттерін дамытатын ойындар өткізді.
Бұл ойындар балаларға әлемдегі орны туралы білуге көмектеседі.

Мектеп маусымына дайындық басталды ...

Мектеп маусымына дайындық басталды ... біздің денсаулығы бойынша шектеулері бар кішкентай пациенттеріміз және балалары бар отбасылар "Ақниет" қайырымдылық қорынан мектеп портфельдері мен оқу құралдарын алуда.
Қорына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Емхана психологы Г.А.Курмангожина мен акушер Р.К.Есімова босануға дайындық бойынша кезекті сабақ өткізді

Емхана психологы Г.А.Курмангожина мен акушер Р.К.Есімова босануға дайындық бойынша кезекті сабақ өткізді. Алғашқы босануға жататын жүкті әйелдерге босануға дейінгі және босанудың бірінші кезеңінің белсенді фазалары туралы хабарланды, сондай-ақ дұрыс тыныс алу техникасын үйренді.