Деструктивті ағымдар қызметінің проблемасы бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады

Деструктивті ағымдар қызметінің проблемасы бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады.

Медицинаға келетін болсақ, олардың жақтаушылары қан құю, вакцинация, ағзаларды трансплантациялау және т. б. сияқты медициналық процедуралардың жекелеген түрлерінен бас тарту адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Бүгін, 2022 жылғы 1 тамызда, дін істері басқармасының өкілдері "№11 Қалалық емхана" қызметкерлеріне экстремизм мен дінге қарсы қозғалыстар туралы дәріс өткізді.

Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері және олардың қазақстандық қоғамға зияны туралы сөз қолғалды. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

маңызды ақпарат!

№11 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі бөлімінің сарапшы дәрігері Закирова Гульнар Балатаевна қызметкерлерге арналған шағын топтарда оқыту жүргізді

№11 қалалық емхананың пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі бөлімінің сарапшы дәрігері Закирова Гульнар Балатаевна "Медициналық инцидент жағдайларын (оқиғаларын) анықтау, оларды есепке алу және талдау қағидаларын бекіту туралы"ҚР ДСМ бұйрығы бойынша қызметкерлерге арналған шағын топтарда оқыту жүргізді.
Медициналық инцидент – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне әкеп соғуы мүмкін, организмнің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуға негізделген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалана отырып медициналық көмек көрсетуге байланысты оқиға болып табылады.
Медициналық инцидентті талдау нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін медициналық инциденттің қайталанған жағдайларын жою және алдын алу бойынша шаралар әзірленеді.

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқыту өтті

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылған базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша оқыту өтті.

Сабақты Астана медицина университетінің жедел шұғыл көмек және анестезиология-реаниматология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Кокошко Алексей Иванович өткізді.

Тренингте қатысушылар алғашқы көмек көрсету кезінде құтқарушының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы, қан айналымын тоқтатудың ықтимал себептері, қан айналымын тоқтату кезінде кеуде компрессиясы мен дефибрилляцияны ерте бастаудың маңыздылығы туралы білімдерін жаңартып, түсінік алды.

Аталған іс-шара елордадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шағын топтар арасында өткізілді.

Бүгін №11 Қалалық емханада учаскелік қызметтің кезекті жиналысы өтті.

Бүгін №11 Қалалық емханада учаскелік қызметтің кезекті жиналысы өтті.
Қызметкерлер Zoomплатформасы арқылы № 3 КҚБА ұйымдастырған онлайн конференцияға қатысып, "Балалардағы жіті ішек инфекциясы" тақырыбында дәріс тыңдады.
Сонымен қатар, жиналыс барысында ағымдағы жұмыс мәселелері қаралып, елдегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай талқыланды, сондай-ақ дәрігер-координатор Ж.Е. Темірханова "Дауа" Жастар орталығының қызметі туралы ақпарат берді.