«№11 қалалық емхананың» психолог мамандары «Балалар-біздің өміріміздің гүлі!» тақырыбында тренинг өткізді

«№11 қалалық емхананың» психолог мамандары «Балалар-біздің өміріміздің гүлі!» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында мамандар эмоционалды тепе-теңдікке қол жеткізу үшін кеңестер берді, тыныс алу жаттығуларын, сондай-ақ есте сақтау мен зейінді дамытуға арналған жаттығуларды орындады.

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алды

Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК-да коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алды. Вакцинация кабинетінің қызметкерлері спортшыны көргендеріне қуанышты болды.
Тұрғындарды екпе алуға шақырамыз. Вакцинаның арқасында ағзаға енген вирус бастапқы кезден бастап бұғатталуы мүмкін, соның арқасында ауру жеңіл түрде немесе симптомсыз өтеді.
ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК вакцинация пункті үзіліссіз және демалыссыз, дүйсенбіден жексенбіге аралығында, сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта емханада бірінші кезеңнен өткен адамдарға арналған американдық Pfizer вакцинасының екінші компоненті және қытайлық Vero Cell вакцинасы (Sinopharm) бар. Vero Cell 18 жастан асқан халықты вакцинациялауға және ревакцинациялауға арналған.

Бүгін "№11 Қалалық емхананың" филиалында дені сау бала кабинетінің медбикесі Мухамедьярова Еркемай Садвакасовна әйелдерді бала денсаулығы үшін бала емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру мақсатында жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған дөңгеле

Бүгін "№11 Қалалық емхананың" филиалында дені сау бала кабинетінің медбикесі Мухамедьярова Еркемай Садвакасовна әйелдерді бала денсаулығы үшін бала емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру мақсатында жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Осы дөңгелек үстелде ана сүтімен емізуді қолдаудың маңыздылығы, қосымша тамақтануды енгізу, емізуді аяқтау, тамақтану рационы, бала емізетін әйелдің күн тәртібі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, 1-7 тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтімен қоректенетін балалардың денсаулығын нығайту мақсатында емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өтеді

Ана сүтімен емізуді ынталандыру және бүкіл әлемде балалардың денсаулығын жақсарту үшін ұйымдастырылған емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы шеңберінде "№11 Қалалық емханада" "Ана сүтінің пайдасы туралы" топтық және жеке сұхбаттар, ақпараттық-түсіндіру

Ана сүтімен емізуді ынталандыру және бүкіл әлемде балалардың денсаулығын жақсарту үшін ұйымдастырылған емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығы шеңберінде "№11 Қалалық емханада" "Ана сүтінің пайдасы туралы" топтық және жеке сұхбаттар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, радиорубка арқылы ДДҰ-ның емізу туралы ұсыныстары бойынша дауыстық ақпарат айтылды.

Ана сүті сүті-нәрестелер үшін өте қолайлы тағам.Ана сүті- қауіпсіз және оның құрамында балаларды көптеген ауруларынан қорғауға көмектесетін антиденелер бар. Ана сүті нәрестені өмірінің алғашқы айларында барлық қажетті қуат пен қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

ДДҰ бала туылғаннан кейінгі алғашқы сағатта емізуді бастауды және бала алты айға толғанға дейін тек ана сүтімен емізуді ұсынады. Осыдан кейін, екі жасқа дейін немесе одан кейінгі жасқа дейін емізуді тоқтатпай, қосымша тағамдарды енгізуді ұсынады.

"№11 қалалық емхананың құрметті пациенттері !"