Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдында қорқыныш сезімдерін жеңуге үйрету мақсатында №11 Қалалық емханада" отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі жұмыс істейді

Бала босанып, ана атану- әйел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған дайындық жүктіліктің алғашқы айларынан басталуы керек. Көбінесе, жүкті ана жүктіліктің барлық егжей-тегжейін әрдайым біле бермейді, әсіресе егер ол әйелдің алғашқы жүктілігі болса.
Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдында қорқыныш сезімдерін жеңуге үйрету мақсатында №11 Қалалық емханада" отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі жұмыс істейді. Сабақты акушер Р. К. Есимова жүргізеді.
Оқу барысында болашақ аналар жүктілік кезінде өзін жайлы сезіну және босану сәтіне саналы түрде қарау үшін қажетті барлық ақпараттармен танысады. Сондай-ақ, жүктілік кезінде ағзаны тазарту және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар алады .
Жүкті әйелдерді босануға дұрыс дайындау босану процесін едәуір жеңілдетеді және одан кейінгі қалпына келтіру кезеңін қысқартады.
Отбасын жоспарлау және босануға дайындық мектебі 213 кабинетте жұмыс істейді. Сондай-ақ, осы кабинетте психолог маманының кеңесін алуға да болады.

Бүгін Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан "№11 Қалалық емхана" филиалында жұмыс кеңесі өтті

Бүгін Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан "№11 Қалалық емхана" филиалында емхана директорының, директордың орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің, аға мейірбикелердің, №3, 15 және 27 ЖТД қызметкерлерінің, сондай-ақ күндізгі стационардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында жаңа филиал қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.1 тамыздан бастап №3, 15 және 27 учаскелердің, күндізгі стационардың, сондай-ақ кардиолог дәрігердің қабылдауы Ш.Құдайбердіұлы, 28 мекен-жайы бойынша жүргізілетінін естеріңізге саламыз.
Бүгінгі таңда жаңа филиалда логистика пысықталып, тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасалынды.

Әлеуметтік қызметкер жүргізетін медициналық-әлеуметтік жұмыс-бұл халықты медициналық-әлеуметтік қорғаудың нақты көрінісі

Әлеуметтік қызметкер жүргізетін медициналық-әлеуметтік жұмыс-бұл халықты медициналық-әлеуметтік қорғаудың нақты көрінісі. Ол мұқтаж адамдарға нақты көмек көрсетуге бағытталған.

ШЖҚ «№11 Қалалық емхана» МКК-да мүмкіндігі шектеулі жандарға емхана бойынша сүйемелдеу арқылы тұрақты негізде көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ерекше денсаулығы бар пациенттерге ыңғайлы болу үшін учаскелік қызмет пен арнайы мамандар қабылдаудың күні мен уақытын алдын-ала келісу бойынша тығыз жұмыс жасайды. Оларға емханада медициналық қызметтерге кедергісіз қол жеткізу үшін «Жасыл дәліз» құрылды.

Бүгін әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен кезекті жұмыс супервизиясы өткізілді.
Супервизияда маңызды жұмыс мәселелері қаралды және талқыланды.

2022 жылдың 13 тамызы күні ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК директоры Сағандықов Жаналық Кариполлаұлының №3,15 және 27 участкелерге тіркелген тұрғындарымен кездесуі өтті.

2022 жылдың 13 тамызы күні ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК директоры Сағандықов Жаналық Кариполлаұлының №3,15 және 27 участкелерге тіркелген тұрғындарымен кездесуі өтті.

Аталып отырған халықтың басшылықпен тікелей диалогында бөлім меңгерушілері, учаскелік дәрігерлер, аға мейірбикелердің, сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен өтті.

Кездесу барысында жоғарыда аталған участкелердің жаңа мекен-жайға көшуі жөнінде сұрақтар талқыланды.

Кездесуге келгендер директорға өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мекеме жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын енгізді. Мекеме басшысы барлық нақты жағдайлар мен сұрақтарды жеке қарастырып, әр жағдай бойынша жауап берді.

Кездесу соңында Жаналық Кариполлаұлы қабылдауға келгендердің барлығына алғысын білдіріп, емхана басшылығы әрдайым нәтижелі ашық диалогқа дайын екенін атап өтті.

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК қызметкерлері ZOOM онлайн платформасы арқылы ҚДС ұйымдастырған конференцияға қатысты

ШЖҚ "№11 Қалалық емхана" МКК қызметкерлері ZOOM онлайн платформасы арқылы ҚДС ұйымдастырған конференцияға қатысты.
Конференция барысында ҚР ҰФҒО мониторингтік сапарының нәтижелері талқыланды.