Бүгін құрметті қызметкер, клиникалық-диагностикалық және мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі, Артықов Амангелді Тілеуғабылұлын зейнеткерлікке шығуымен салтанатты түрде құттықтадық

Бүгін құрметті қызметкер, клиникалық-диагностикалық және мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі, Артықов Амангелді Тілеуғабылұлын зейнеткерлікке шығуымен салтанатты түрде құттықтадық.

Амангелді Тілеуғабылұлы еңбек жолын 1976 жылы Балқаш қаласының тау-кен металлургия комбинатында жұмысшы болып бастады.

1977 жылдан 1983 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтында оқыды. Еңбек жолын денсаулық сақтауды дамытуға арнаған ол өз ісінің маманы, жас мамандарға үлгі көрсетер тәлімгер бола білді. үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалі мен ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталып, ерен еңбегі бағаланды.

Амангелді Тілеуғабылұлын зейнетке шығуымен құттықтаймыз! Зейнеткерлік демалысы қуанышқа, шаттыққа толы болсын!

Алдын алу бөлімінің қызметкерлері «бірінші сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізуді ұйымдастыру» бойынша семинарға қатысты

Алдын алу бөлімінің қызметкерлері «бірінші сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізуді ұйымдастыру» бойынша семинарға қатысты.
Аталған семинарды Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастыруымен өтті.

2022 жылдың 5 қыркүйегі күні «№11 Қалалық емханада» AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің Нұр-сұлтан қаласы "Алматы" аудандық филиалының басшысы И.В.Несеновпен және Amanat партиясы Алматы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Б.К.Искаковамен кездесу

Бүгін, 2022 жылдың 5 қыркүйегі күні «№11 Қалалық емханада» AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің Нұр-сұлтан қаласы "Алматы" аудандық филиалының басшысы И.В.Несеновпен және Amanat партиясы Алматы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Б.К.Искаковамен кездесу өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелері талқыланды.

"Біздің халқымыз әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылықты жоғары қоятын. Жолдаудың жаңа ережелері халқымыздың өмір сүру сапасын жақсартады, біз біртұтас болуымыз керек",- деді Бибігүл Қадырқызы өз сөзінде.

Игорь Викторович партияның Мемлекет Басшысы Жолдауының орындалуын бақылауда ұстап отырғанын атап өтті, сондай-ақ партиялықтарға AMANAT партиялық билеттерін табыс етті және барлық медициналық қызметкерлерге олардың күнделікті баға жетпес еңбегі үшін үлкен алғыс білдірді.

AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің "Алматы" аудандық филиалының басшысы Игорь Викторович Несен жаңа партияластарға AMANAT партиялық билеттерін табыс етті.

AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінің "Алматы" аудандық филиалының басшысы Игорь Викторович Несен жаңа партияластарға AMANAT партиялық билеттерін табыс етті.

Енді партиялықтардың тізімге сәйкес белгілі бір қызметтерге жеңілдіктер алу мүмкіндігі бар.

"№11 Қалалық емхананың” “Шапағат" бастауыш партия ұйымы 90-ға жуық партия мүшелерін біріктіреді және ай сайын қатарын толықтырып отырады.

Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету аясында "№11 Қалалық емхана" қызметкерлерімен азық-түлік себеттері мен гигиеналық құралдар түрінде көмек көрсетілді, сондай-ақ арнайы шотқа ақша қаражаты аударылды.

Қостанай облысындағы табиғи өрттерден зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету аясында "№11 Қалалық емхана" қызметкерлерімен азық-түлік себеттері мен гигиеналық құралдар түрінде көмек көрсетілді, сондай-ақ арнайы шотқа ақша қаражаты аударылды.

Жағдайдың тез арада тұрақталуын және зардап шеккендерге денсаулық тілейміз!