7-8 қазан аралығында біздің емхананың гинеколог дәрігерлері "Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

7-8 қазан аралығында біздің емхананың гинеколог дәрігерлері "Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты республикалық, өңірлік және аумақтық деңгейлерде халықтың репродуктивті әлеуетін арттырудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу үшін іс-шараларды айқындау болып табылады.

Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі 2022 жылдың 6 қазанында өтті.

Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі 2022 жылдың 6 қазанында өтті.

Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Осы съезге біздің емхананың директоры Ж.К. Сағандықов та қатысты.

Осы тарихи іс-шараның қорытындысы бойынша партия мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды және жаңа саяси платформаның жобасын бекітті.

Жаңа саяси платформаның басты қағидаты-адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі болы табылады.

Бүгін мектептің аға дәрігері М.Б.Қожахметова және профилактика бөлімінің аға медбикесі А.Ф.Тоқтыбаева "Мектеп медицинасы" қызметкерлеріне сабақ өткізді.

Бүгін мектептің аға дәрігері М.Б.Қожахметова және профилактика бөлімінің аға медбикесі А.Ф.Тоқтыбаева "Мектеп медицинасы" қызметкерлеріне сабақ өткізді.

Сабақ барысында "Вакцинация кабинетінде және егу кабинетінде мейірбикелік манипуляциялар" және "Туберкулезге қарсы иммунопрофилактика" тақырыптарында операциялық рәсімдердің стандарттары түсіндірілді.

Бүгін «№11 қалалық емханада» елордада болып жатқан жалпықалалық көктемгі тазалау айлығы аясында сенбілік өтті.

Бүгін «№11 қалалық емханада» елордада болып жатқан жалпықалалық көктемгі тазалау айлығы аясында сенбілік өтті.

Тазалау емхананың барлық бөлімшелерінде және емхананың барлық филиалының ғимараттарының ішінде де, оның қарауындағы аймақта да жүргізілді. Мекеме қызметкерлері айналаны қоқыстардан тазалап, күзгі күні түскен жапырақтардан, құрғақ ағаш бұтақтарынан тазартты. Сонымен бірге көгалдар мен жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар тазартылды.

Бүгін біздің ардагер қызметкерлерімізге "№11 қалалық емхананың" кәсіподақ комитеті мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бүгін біздің ардагер қызметкерлерімізге "№11 қалалық емхананың" кәсіподақ комитеті мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Халықаралық қарттар күніне орайластырылған салтанатты жиналыста ардагер қызметкерлер директор Ж. К Сағандықов пен кәсіподақ төрайымы С.К. Қабышеваның шын жүректен құттықтауларын қабыл алды.

Пациенті В.В.Ситтаро да бұл шараға өз үлесін қосып, музыкалық құттықтауымен қатысушыларға саксофонда әдемі, жанды әуендер ойнады.

Кәсіподақ комитетінің қолдауымен қатысушыларға азық-түлік сертификаттары мен гүлдер табысталды.

Құрметті біздің ең дана, қадірлі қарияларымызды тағы да мерекелерімен құттықтағымыз келеді! Сіздерге ұзақ өмір, денсаулық және жан жылуын тілейміз!