"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында тұмау, КВИ және пневмококкты инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша семинарға қатысты

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында тұмау, КВИ және пневмококкты инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша семинарға қатысты. Дәрісті "МУА" профессоры, ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисті Динагүл Аяпбекқызы Баешева және инфекционист-дәрігер Сәуле Қабиқызы Атығайқызы оқыды.
Семинар барысында дәрігерлер жоғарыда аталған аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы маңызды және өзекті ақпарат алды. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

Бүгін "№11 қалалық емхананың" қызметкерлері онлайн режимдегі агитациялық кездесуге қатысты

Бүгін "№11 қалалық емхананың" қызметкерлері онлайн режимдегі агитациялық кездесуге қатысты. Кездесуде президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері сөз сөйледі.

Бүгін 25 Қазан-Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Бүгін 25 Қазан-Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Емхана директоры Ж.К.Сағандықов әріптестерін мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді адал және мінсіз еңбектері үшін «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен, ДСМ, ҚДС басқармасының Құрмет грамоталарымен және әкімнің Алғыс хатымен марапаттады.

Директор өзінің құттықтау сөзінде ұлттық мереке Республика күнін жаңғырту – елімізде жүргізіліп жатқан тиімді реформалардың нәтижесі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында президент Қ.Қ.Тоқаев Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес 25 қазанда Ұлттық мереке мәртебесін алды.

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері МӘМС ұйымдастырған "МӘМС жүйесі туралы сұрақтарға жауаптар" тақырыбы бойынша түсіндіру кездесуіне қатысты

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері МӘМС ұйымдастырған "МӘМС жүйесі туралы сұрақтарға жауаптар" тақырыбы бойынша түсіндіру кездесуіне қатысты.
Кездесуде МӘМС бойынша ағымдағы өзекті мәселелер талқыланады.

«Босануға дайындық» мектебінде акушер Р.К.Есімова жүкті әйелдерге арналған кезекті сабағын өткізді.

«Босануға дайындық» мектебінде акушер Р.К.Есімова жүкті әйелдерге арналған кезекті сабағын өткізді.

Сабақ барысында жүкті әйелдерге босануға дейінгі және босанудың бірінші кезеңінің белсенді фазалары туралы ақпарат берілді, сондай-ақ дұрыс тыныс алу техникалары көрсетілді.

Осылайша, жүкті әйелдерде біртіндеп өзіне деген сенімділік дамиды.