"№11 қалалық емхананың " қызметкерлері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні: Қаладағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай Астана, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар-кеңеске қатысты.

"№11 қалалық емхананың " қызметкерлері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні:
Қаладағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай
Астана, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар-кеңеске қатысты.

Аталған іс-шара СӨС қалыптастыру және ЖИТС-ты алдын алу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Ақпаратты және пайдалы кездесу үшін алғыс білдіреміз.

Профилактика бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған "Қадірлі жас" клубының пациенттерімен кездесу

Профилактика бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған "Қадірлі жас" клубының пациенттерімен кездесу.
Кездесу барысында пациенттер тыныс алу жаттығуларын орындап, қан қысымын дұрыс өлшеуді үйренді, сонымен қатар "Денсаулық және ұзақ өмір" және "Егде жастағы тамақтанудың 10 ережесі", "АГ кезінде негізгі препараттарды дұрыс қабылдау" туралы пайдалы ақпарат алды.
Қартаю-бұл созылмалы үдеріс және біз физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту арқылы оның дамуын тежей аламыз.
Қоғамның міндеті - егде жастағы адамдардың өмірін толыққанды және белсенді ету, өйткені егде жастағы адамдар өткен, қазіргі және болашақ өмірді байланыстырушы ақылшыларымыз екенін ұмытпау абзал.

Тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында семинар өткізіп, аттестациялау жүргізді

Тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында, ДКК төрағасы З.Б.Айдарханова медицина қызметкерлері арасында еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру бойынша семинар өткізіп, аттестациялау жүргізді. Сондай-ақ тестілеу арқылы алған білімдерін бағалау жүргізілгеннен кейін қате жауаптар талданып, талқыланды.

оқушылармен жүргізіліп жатырған профилактикалық жұмыстар №28 мектепте өз жалғасын тапты

оқушылармен жүргізіліп жатырған профилактикалық жұмыстар №28 мектепте өз жалғасын тапты. СӨС дәрігері мен психолог маманы жоғарғы сынып оқушыларына «Стрессттің алдын алу», «Көшбасшылық» тақырыптарында тренинг жүргізіп, АИТВ туралы ақпарат таратты.

"№11 қалалық емхананың" акушер-гинекологтары Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы (КАРМ) ұйымдастырған

"№11 қалалық емхананың" акушер-гинекологтары Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы (КАРМ) ұйымдастырған."Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: қазіргі және болашақ" КАРМ XIV Халықаралық конгресіне қатысты.
Аталған шараның спикерлері - хирургия саласындағы отандық және шетелдік мамандар, профессорлар мен академиктер.