"Құқық" ҚҚ ұйымдастырған "Жастардың репродуктивті денсаулығы: мәселелері мен шешімдері" тақырыбындағы семинар

"Құқық" ҚҚ ұйымдастырған "Жастардың репродуктивті денсаулығы: мәселелері мен шешімдері" тақырыбындағы семинар.
Семинардың мақсаты репродуктивті денсаулықты сақтауға, қажетсіз жүктіліктің, жасөспірімдердің жүктілігінің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың деңгейін төмендетуге бағытталған, себебі осы факторлар тікелей немесе жанама түрде ана өлімінің себебі болып табылады.

№ 29 орта мектептегі профилактикалық жұмыс

№ 29 орта мектептегі профилактикалық жұмыс.

Емхана психологтары "Мен жасөспіріммін. Эмоциялар. Стресс. Олармен қалай күресуге болады?" деген тақырыпта тренинг жүргізді. Бұл тренингтің мақсаты жасөспірім кезеңінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерделеу, сондай-ақ эмоциялар мен позитивті көңіл-күйді басқару болып табылады.
Сонымен бірге, мектеп медбикесі тұмаудың алдын алу бойынша дәріс өткізді.

"№11 Қалалық емханада" Бақылау кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Ұжымдық шартқа және еңбекақы төлеу туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды

"№11 Қалалық емханада" Бақылау кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Ұжымдық шартқа және еңбекақы төлеу туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысқандар:
БК төрағасы: Асылбекова Гүлім Ошақпайқызы;
ҚДС басқармасы өкілі: Алдабергенова Салтанат Ахметханқызы;
БК мүшелері: Хавсемет Марат, Төлеуова Айнұр Сәкенқызы, Бисенова Роза Шауханбайқызы, Сағандықов Жаңалық Қариполлаұды. Сондай-ақ, "Aqniet" БПҰ төрағасы З.Б.Айдарханова мен "Сенім" БПҰ төрағасы С.К.Қабышева қатысты.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында «№11 Қалалық емханада» пациенттермен электрондық жүйелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында «№11 Қалалық емханада» пациенттермен электрондық жүйелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Емхана кеңесшілері пациенттерге "DamuMed" мобильді қосымшасы, Egov.kz порталы және т.б. цифрлық жүйелер бойынша ақпарат береді.

Аталған жүйелер пациенттердің сапалы медициналық көмекке оңай және ыңғайлы қол жеткізуін жеңілдетеді.

Дәстүр бойынша емханамызда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара атап өтілді.

Дәстүр бойынша емханамызда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Емхана директоры Жаңалық Қариполлаұлы өз сөзінде осы ұлық мерекенің отанымыз үшін маңыздылығын атап өтіп, жақсы тілектермен әріптестерін құттықтады. Сонымен қатар, еңбектері еленген қызметкерлерге алғыс хаттарын табыстады. Құттықтаймыз!

Егемен еліміздің тұғыры биік болсын!