Бүгін емхана директоры Сағандықов Ж.Қ. клиникалық-диагностика бөлімінің қызметкерлерімен жиналыс өткізді

Бүгін емхана директоры Сағандықов Ж.Қ. клиникалық-диагностика бөлімінің қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында тіркелген тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында өзекті мәселелер талқыланып, ағымдағы жылдың жұмыс жоспары қарастырылды.

«Истоки добра» қайырымдылық ұйымы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетті

«Истоки добра» @istoki_dobra_astana қайырымдылық ұйымы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетті. Ұжымға атқарып отырған игі істері үшін алғысымызды білдіреміз! Жаңа жылда мықты денсаулық, өркендеу және алға қойылған мақсаттардың орындалуын тілейміз!

ЖТД дәрігерлеріне арналған семинары өтті

Бүгін "№11 Қалалық емханада" ЖТД дәрігерлеріне арналған "Артериялық гипертензия" тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқытуды кардиолог дәрігер С.Б.Билялова жүргізді.

Жаңа жылдық құттықтаулар жалғасуда…

Жаңа жылдық құттықтаулар жалғасуда…
Жаңа жыл қарсаңында БарБарис кафесінің әкімшілігі онкологиялық науқастар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады. Демеушілерімізге көрсеткен көмегі мен назары үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда табыс, амандық пен жақсылық тілейміз!

Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдындағы қорқынышты жеңу үшін "№11 Қалалық емханада" Босануға дайындық мектебі жұмыс істейді

Болашақ ананың өзін сенімді сезінуі және босану алдындағы қорқынышты жеңу үшін "№11 Қалалық емханада" Босануға дайындық мектебі жұмыс істейді. Оқу бағдарламасы жүктіліктің әртүрлі кезеңдеріне бағытталған және әртүрлі тақырыптарды қамтиды.
Дайындық мектебі болашақ аналарды босану процесі мен болашақ ана атануға сапалы түрде дайындауға мүмкіндік береді.